Арифханов

Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы

1974 жылы 28 қарашада туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын, «Болашақ» президенттік бағдарламасының аясында – Колумбия университетін (АҚШ) тәмамдады. 

Мемлекеттік қызметте және корпоративтік басқару саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар.

1997 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі аралықта Сыртқы қарыз алу комитетінің бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімінің бас маманы, Мемлекеттік сыртқы қарыз алу және мемлекеттік кепілдер басқармасының бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар, қарыздарды жүзеге асыру бөлімдерінің жетекшісі, Үкіметтік қарыздар және мемлекеттік кепілдер басқармасының жетекшісі, Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз және кредиттеу департаменті директорының орынбасары ретінде жұмыс атқарды.

2004 жылдың сәуірінен 2006 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-министрі.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2010-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Ұлттық экономика Вице-министрі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы.

2019 жылғы 21 қарашада Холдингтің жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің № 870 бұйрығы) «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Азаматтығы - Қазақстан Республикасы.