Арифханов

Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы

Басқарма Төрағасы

Айдар Әріпханова «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы ретінде 2017 жылдың желтоқсанында тағайындалды. Мемлекеттік қызметтегі және корпоративтік басқару саласындағы 20 жылдан артық жұмыс өтілі бар.

 

2004-2017 жылдары қаржы вице-министрі, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі жетекшісінің орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасының м.а., ұлттық экономика вице-министрі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметтерінде болды.

 

1997 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі аралықта Сыртқы қарыз алу комитетінің бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімінің бас маманы, Мемлекеттік сыртқы қарыз алу және мемлекеттік кепілдер басқармасының бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар, қарыздарды жүзеге асыру бөлімдерінің жетекшісі, Үкіметтік қарыздар және мемлекеттік кепілдер басқармасының жетекшісі, Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз және кредиттеу департаменті директорының орынбасары ретінде жұмыс атқарды.

 

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын, «Болашақ» президенттік бағдарламасының аясында – Колумбия университетін (АҚШ) тәмамдады.

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамы Кеңесінің құрамы туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 11 бұйрығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Ди⁠ректорлар кеңесінің құрамына сайланды.