Омаров

Омаров Марат Талғатұлы

Басқарма мүшесі

Марат Омаров 2019 жылдың мамырында Директорлар кеңесінің шешімімен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры болып сайланды. Стратегия, активтерді басқару, талдау және зерттеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

2017-2019 жылдары «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, транформацияланудан кейін «QazTech Ventures» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) Басқарма төрағасы лауазымын атқарған.

2012-2017 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің (бұдан әрі - экономика және бюджетті жоспарлау, ұлттық экономика) кеңесшісі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тарифтік және институционалдық саясатын қалыптастыру департаменті директорының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры қызметтерінде болды.

Британдық Йорк университетін «Болашақ» бағдарламасы бойынша және Лондондық экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) тәмамдаған.