Нурланов

Нұрланов Нұржан Нұрланұлы

Басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Нұржан Нұрланов «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры ретінде 2018 жылдың қаңтарында тағайындалды, сол жылдың наурыз айында Директорлар кеңесінің шешімімен Холдинг Басқармасының құрамына кірді. Тәуекелдерді басқару және тұрғын үй-құрылыс активтері сұрақтары бойынша жетекшілік етеді. Мемлекеттік қызметте және корпоративтік басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі бар.

 

2013-2018 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қаржы жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ Газ маркетингі жөніндегі басқарушы директор, Бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары қызметтерінде болды.

 

2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ Азия бойынша өңірлік ынтымақтастық қызметінің менеджері, Инвестициялық ынтымақтастық департаментінің директоры, Өңірлік ынтымақтастық қызметінің Басқарушы директоры, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің сарапшысы болып қызмет етті.

 

American InterContinental University (Ұлыбритания), University of Wales (Ұлыбритания), Қ.Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірді.