Askar Mamin

Мамин Асқар Ұзакбайұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы

1965 жылы туған.

 

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастаған.

1996-2008 жылдар аралығында – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникациялар вице-министрі, Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі.

2008 жылдан 2016 жылдың қыркүйегіне дейін - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті.

2016 жылдың қыркүйегінен - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ» Директорлар кеңесінің төрағасы.

2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейін - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылдың 9 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

2019 жылдың 25 ақпанынан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі.

2019 жылдың 28 ақпанынан Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдің № 103 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар Кеңесі құрамы туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.