kuatova

Қуатова Айнұр Саинқызы

Басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Айнұр Қуатова 2016 жылы Басқарма мүшесі, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарушы директоры болып тағайындалды, осы жылдың шілде айында Директорлар кеңесінің шешімімен Холдинг Басқармасының құрамына енгізілді.

Жобалық қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және және инвесторлармен жұмыс мәселелеріне жетекшілік етеді. Мемлекеттік қызметтегі және корпоративтік басқару саласындағы еңбек өтілі жиырма жылдан астам.

2014-2015 жылдары  А.Қуатова «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасының стратегия және бизнесті трансформациялау жөніндегі орынбасары, «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 

1995 жылдан бастап 2013 жыл аралығында «Қазинтербанк» ЖАҚ-тың аға маманы, «Қазақойл» ҰК Қарашығанақ Департаментінің бас қаржы менеджері, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі бөлімінің басшысы, «Коноко Филлипс Қазақстан» ЖШС-нің бизнесті дамыту жөніндегі менеджері, «Ланкастер Инвест» АҚ-ның вице-президенті, «КМК Мұнай» АҚ-ның бизнесті дамыту және маркетинг жөніндегі директоры, «Карповский Северный» АҚ-ның президенті. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.

Лондондағы Middlesex University Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.