Клаус Мангольд

Клаус Мангольд

Тәуелсіз директор

1943 жылы 6 маусымда туған.

Азаматтығы: Германия

Білімі: Профессор доктор Клаус Мангольд Мюнхен, Женева, Париж, Лондон, Майнц және Гейдельберг университеттерінде құқық пен экономиканы зерделеді.

 

Жұмыс тәжірибесі

2017 жылдан бастап Cortec Gmb компаниясының Консультативтік кеңесінің Төрағасы, ал 2018 жылдан бастап Knorr-Bremse AG-нің Бақылау кеңесінің Төрағасы.

Сонымен қатар, Клаус Мангольд Франкфурттағы Rothschild GmbH Бақылаушы директорлар кеңесінің Төрағасы болып табылады және Францияда Alstom S.A. бақылау кеңесінің Басқарма мүшесі болып табылады.

2011 жылдан 2018 жылға дейін ол Германияның TUI AG бақылау кеңесінің төрағасы, сондай-ақ Германияның басқа да бақылау кеңестерінің, оның ішінде Metro AG, Alstom AG, Continental AG мүшесі болды. 
2011 жылдан 2017 жылға дейін Ernst & Young бақылау кеңесінде Басқарма мүшесі болды.
2000 жылдан 2010 жылға дейін Клаус Мангольд Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі Германия комитетінің Төрағасы болды.

2005 жылдан бастап Клаус Мангольд Баден-Вюртембергтегі Ресей Федерациясының құрметті консулы болып табылады.

2003 жылы Клаус Мангольд Штутгартта IWB «Халықаралық бизнес консалтинг», Mangold Consulting GmbH компаниясын құрды.

 

2013 жылғы 25 маусымда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Э. Утеповтың № 471 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқару органы туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.

 

2013 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Раудың № 464 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.

 

2016 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің № 877 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы туралы» бұйрығымен 3 (үш) жылға Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.