Хамитов Е.Е.

Хамитов Ерсайын Ерболатұлы

Басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Ерсайын Хамитов «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры ретінде 2014 жылы тағайындалды, 2016 жылдың ақпан айында Директорлар кеңесінің шешімімен Холдинг Басқармасының құрамына кірді. Экономика, бухгалтерлік есеп және есептілік, қазынашылық сұрақтарына жетекшілік етеді. Банк саласындағы және корпоративтік басқарудағы 14 жылдық жұмыс өтілі бар.

 

2009-2014 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестицияларды басқару департаментінің бас менеджері. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры қызметтерінде болды.

 

2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Қостанай филиалы) кредиттік талдау секторының меңгерушісі, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Кредиттік талдау департаментінің бас талдаушысы, «БТА Банк» АҚ Корпоративтік бизнес басқармасы басшысының орынбасары ретінде жұмыс атқарды.

 

А.Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университетін аяқтады.