Карагойшин

Қарағойшин Рустам Тимурұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Рустам Қарағойшин 2019 жылдың мамырында Директорлар кеңесінің шешімімен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланды. Тәуекелдерді, активтерді, корпоративтік қаржыны, стратегияны басқару және корпоративтік даму, талдау және зерттеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

2011-2019 жылдары «Petroleum Operating» ЖШС мұнай және мұнай өнімдері маркетингі департаментінің сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бастығы, «Credit Systems» ЖШС Басқарма төрағасы, «Сбербанк Лизинг» ЖШС-нің Бас директорының орынбасары, кейіннен Бас директоры, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС-нің Бас директоры лауазымындарын атқарған.

2004-2011 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («ҚДБ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) Жобаларды талдау департаментінің менеджері, бас менеджері, басқарма бастығы, «ҚДБ» АҚ-ның еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ-на ауыстырылып, «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі қызметтерінде болды.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын және Халықаралық Бизнес Академиясын тәмамдады.