Биртанов Есжан Амантаевич

Біртанов Есжан Амантайұлы

Басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Есжан Біртанов «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры ретінде 2018 жылдың қаңтарында тағайындалды, сол жылдың мамыр айында Директорлар кеңесінің шешімімен Холдинг Басқармасының құрамына кірді. Активтерді басқару және корпоративтік қаржы сұрақтарына жетекшілік етеді. Банк саласындағы және корпоративтік басқарудағы 20 жылдық өтілі бар.

 

2012-2018 жылдары «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы, ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы кеңесшісінің м.а.; ҚР Ұлттық банкінің Жоспарлау және бюджет департаменті директорының м.а., директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстан қор нарығы» АҚ Басқарма Төрағасы – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Standart Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры қызметтерінде болды.

 

1998 жылдан бастап 2012 жылға дейін жетекші, бас дилер; сыртқы нарық бөлімінің басшысы; Дилингтік операциялар басқармасы басшысының орынбасары, басшысы; ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының м.а., директорының орынбасары болып жұмыс атқарды.

 

М.В.Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетін, Әл-Фараби ат. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, «Тұран» Университетін аяқтады.