Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

15.10.2020

«Шаңырақ» бағдарламасына өтінімдерді қабылдаудың үшінші кезеңі басталды

«Шаңырақ» бағдарламасына өтінімдерді қабылдаудың үшінші кезеңі басталды

"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Шаңырақ" тұрғын үй бағдарламасына өтінімдерді қабылдаудың үшінші кезеңін іске қосты. Үміткерлер 1986 жылдан бастап 2017 жылға дейін тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдіктерде (ЖАО) есепте тұруы тиіс (енді 2016-2017 жылдары кезекте тұрғандар да қатыса алады).

 

Қатысу үшін отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 айдағы Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасына (32 668 теңге) дейінгі отбасылық табысының болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының бір мүшесіне шаққандағы табыс мөлшері 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

 

Жүргізілген екі кезеңнің қорытындысы бойынша, қазіргі уақытта жалпы сомасы 20,3 млрд теңгеге жуық 1500 кредиттік өтінім мақұлданды.

 

"Шаңырақ" пилоттық жобасын іске асыру үшін ҚР Ұлттық Банкінің еншілес ұйымының қаражатынан 210 млрд теңге бөлу жоспарлануда. 90 млрд теңге көлеміндегі қаражаттың бірінші бөлігі қазірдің өзінде ҚТҚЖБ-ға бағытталды. Осы бюджет аясында 7-8 мыңға жуық қазақстандық отбасын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

Жылдық 5% - бен (СЖТМ 5,2%) қарыз алу үшін Бағдарламаға қатысушылар әкімдіктің кезегінде болып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі өз шотында қарыз сомасының 10% - ынан жоғары мөлшерде ең төменгі бастапқы жарнаға ие болуы қажет. Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін.

 

Осы бағдарлама бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықта ғана сатып алуға болады: ЖАО-ның "5-10-20" жобасы бойынша салынып жатқан кредиттік тұрғын үйі, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардан (оның ішінде "тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры"АҚ кепілдігі бар). "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін сайттан hcsbk.kz жүктеп алуға болады.

 

Қатысуға және төлем қабілеттілігін бағалауға өтініштер әкімдіктердің кезегінен тек hcsbk.kz сайты арқылы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттерінен де, сонымен қатар әлі клиент емес болып табылатындардан да қабылданады.


Өтініштерді беру мерзімі-2020 жылдың 14 қазанынан 13 қарашасына дейін.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар