28.10.2020

«Бәйтерек» холдингінің еншілес компанияларының корпоративтік хатшылары Кеңесінің отырысы өтті

«Бәйтерек» холдингінің еншілес компанияларының корпоративтік хатшылары Кеңесінің отырысы өтті

Бейнеконференция арқылы кеңес төрағасы Майра Тұрғанованың басшылығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компанияларының корпоративтік хатшылары Кеңесінің онлайн-отырысы өтті.

Отырысқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Корпоративтік хатшысының орынбасары, «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің корпоративтік хатшылары комитетінің төрағасы Жәрдем Құрманғазиев, «ҚМГ БӨ» АҚ бірінші корпоративтік хатшысы Аяжан Жақсыбай қатысты.

Қатысушылар корпоративтік құндылықтар, қауіпсіздік мәдениеті, жұмыстың жаңа жағдайларына бейімделу, корпоративтік басқарудың халықаралық трендтері және т.б. сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Отырыстың қонағы Aika Alemi брендінің иесі, Халықаралық коуч және Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің кеңесшісі, сән кураторы, сондай - ақ Kazakhstan Brand Incubator тренері Аяжан Жақсыбай болды.

Ол корпоративтік хатшының жұмысында кездесетін проблемалар туралы, бүгінгі таңда Қазақстанда осы маңызды мамандықтың қалыптасуы мен дамуы туралы айтып берді. Сонымен қатар Аяжан Жақсыбай кәсіби даму бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Өз кезегінде Ж.Құрманғазиев отырыс аясында корпоративтік басқарудың Ұлттық Кодексінің жаңа жобасын таныстырды, ал «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысы Айман Қасенова корпоративтік басқару саласындағы үрдістер туралы өз зерттеулерімен бөлісті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар