Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

15.04.2024

«Бәйтерек» ұлттық холдингі Citi өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады

16.03.2021

«Бәйтерек» холдингі өндірістік секторға 3 трлн теңге инвестиция тартты

«Бәйтерек» холдингі өндірістік секторға 3 трлн теңге инвестиция тартты

«Бәйтерек» холдингі қолдау құралдары шеңберінде экономиканың өңдеуші секторына 3 трлн теңгеден астам инвестиция тартты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында холдинг басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов хабарлады.

- «Бәйтерек» холдингі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, Бизнестің жол картасы, өндіріс, қарапайым заттар экономикасы, сондай-ақ ұлттық экспорттық стратегия сияқты экономиканың шикізаттық емес салаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша Үкіметтің негізгі қаржы операторы болып табылады. Бәйтерек осы уақытқа дейінгі өз қызметі аясында қолдау құралдары арқылы экономиканың өңдеуші секторларына жалпы көлемі 3 трлн теңгеден астам инвестициялардың келуін қамтамасыз етті, - деді Айдар Әріпханов.

Айдар Әріпхановтың айтуынша, алдағы жылдары экономиканың өндірістік салаларын қолдау көлемі тек өсе түседі. Сонымен, Холдингті қолдау құралдары шеңберінде осы жылы өңдеу өнеркәсібіне келесі көлемде инвестициялар бағыттау жоспарланып отыр.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы-3 шеңберінде үшінші бесжылдық жобаларын іске асыруға 2021 жылы инвестициялар мен экспортты қолдауға 130 млрд теңге көзделген. Қазақстанның даму банкін қаржыландырудың жалпы көлемі 2021 жылы 342 млрд теңгені құрайды.

Бизнес жол картасы 2025-ті іске асыру жалғастырылады, атап айтқанда, биылғы жылы ставканы субсидиялау құралы есебінен 53 млрд теңге көлемінде несие сомасына 850 жобаға қолдау көрсетілетін болады. Өңдеу секторындағы 68 млрд теңге несие сомасына 955 жоба кепілдікпен қамтылатын болады, кепілдік сомасы 27 млрд теңгені құрайды, - деп хабарлады «Бәйтерек» холдингінің басшысы.

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы шеңберінде субсидия есебінен 254 млрд теңге сомасына өңдеу өнеркәсібінің 335 жобасы қаржыландырылады, субсидия сомасы 7,6 млрд теңгені құрайды.

Қаржыны екінші деңгейлі банктерге орналастыру арқылы қаржыландыруды көздейтін «Өндіріс» бағдарламасы жалғасатын болады. Осы жылғы қаржыландыру көлемі шамамен 123 млрд теңгені құрайды, өңдеу өнеркәсібіндегі 580 жоба несие алады. Қаражат 20 жылға берілді және 2034-35 жылдарға дейін пайдаланылатын болады, - деді Айдар Әріпханов.

Лизингтік қаржыландыру өндірістік сектордағы жабдықтарды жаңартуға қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда 2021 жылға арналған республикалық бюджетте автобустар мен жолаушылар вагондарын жаңартуға 36,7 млрд. теңге қарастырылған.

Экспорттаушыларды «KazakhExport» АҚ арқылы сақтандырудың көлемі айтарлықтай қарқынмен өсуде. Соңғы үш жылда сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 3 есе өсті, ал 2021 жылы сақтандырудың көлемі 200 миллиард теңгеге жететін болады, - деп қорытындылады «Бәйтерек» холдингінің басшысы.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар