Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

22.04.2021

«Бәйтерек» холдингі бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстары туралы есеп берді

«Бәйтерек» холдингі бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстары туралы есеп берді

Онлайн-режимде «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» аудандық филиалының қатысуымен «Бәйтерек» холдингі бастауыш партия ұйымының (БПҰ) есептік-сайлау жиыны өтті.

Іс-шара барысында БПҰ-ның соңғы екі жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды және алдағы кезеңге арналған міндеттемелер айқындалды.

БПҰ-ның хатшысы Дина Акрачкова хабарлағандай, 2020 жылы ел Президенті жариялаған «еріктілер жылы» аясында «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері бірқатар қайырымдылық іс-шараларына қатысты. Мысалы, Қосшы ауылындағы жануарларға арналған баспана мен № 76 балабақша аумақтарында қар тазалауға көмек көрсетілді. Сондай-ақ, қызметкерлер жалпы қалалық экологиялық сенбілікке қатысып, қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсететін «Үміт» дағдарыс орталығына тұрмыстық техника сатып алу үшін қаражат жинады. Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасылар үшін мектеп құралдары мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар сатып алынды.

 Фото 1.jpeg

Холдингтің «Дара» қоғамдық қорының - жетім балаларға арналған «Корпоративтік тәлімгерлік» жобасын іске асыруға қатысуы атап өтілді. Атап айтқанда, жоба аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері «Бәйтерек» холдингінде өндірістік тәжірибеден өтті.

Сонымен қатар, жиналысқа қатысушылар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында бекітілген Жол картасын іске асыру бойынша алдағы кезеңге арналған міндеттемелерді қарастырды. Партия мүшелері партияның Әдеп кодексіне және холдингтің Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуына ерекше назар аударды.

Нәтижесінде БПҰ жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.

Жиналыс барысында БПҰ-ның жаңа төрағасы бірауыздан сайланды. Ол инновациялық жобаларды дамыту, ақпараттық технологияларды енгізу, құқықтық қамтамасыз ету және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев болды.

Жиын соңында «Nur Otan» партиясының Нұр-сұлтан қаласы «Есіл» аудандық филиалының XXII кезекті конференциясына делегат сайланды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар