Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

01.09.2021

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын «Отбасы банк» АҚ депозиттеріне аудару мүмкіндігіне ие болады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын «Отбасы банк» АҚ депозиттеріне аудару мүмкіндігіне ие болады
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеткілікті шекті деңгейден жоғары Отбасы банкіндегі есепшотқа аударуға рұқсат беруді тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қадам жұрттың қаражат жинауды және оны сауатты жұмсауды дағдыға айналдыруына мүмкіндік береді.

Жалпы, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану бастамасының оң қарқынын атап өтті. Отбасы банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Президенттің бастамасын қолдайды. Өйткені, бұл бірінші кезекте жас қазақстандықтарға тұрғын үйге тезірек қол жеткізуге көмектеседі.

«Қазір Қазақстанда жыл сайын 120 мыңға жуық жас отбасы құрылады. Алғашқы жылдары ерлі-зайыптыларға өз пәтеріне немесе үйіне ақша жинау оңай емес. Оларға қолдау қажет. Мемлекет басшысының бастамасы – бұл қазір өте қажет нәрсе. Ол қазақстандықтарға отбасы банкте қаражат жинау мерзімін екі есе қысқартуға және қоныс тойын тойлауды әлдеқайда ертерек белгілеуге мүмкіндік береді. Біздің бағалауымыз бойынша, 190 мыңға жуық жас отбасы бұл мүмкіндікті жыл бойы пайдалана алады. Жыл сайын тағы 15 мың отбасы өз салымдарын ашатын болады», - деп атап өтті «Отбасы банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Қазіргі уақытта 250 мыңға жуық қазақстандық «Отбасы банк» арқылы жалпы сомасы 1,4 триллион теңгеден асатын зейнетақы жинақтарын пайдаланды. Ал жас тұрғысынан үлкен үлес (46,1%) 36-45 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі, 18,5% үлесі 26-35 жастағыларға тиесілі. 18-25 жас аралығындағы салымшылар зейнетақы қорынан қаражаттың 0,2% ғана алады.

Мемлекет басшысының жаңа бастамасы жағдайды жақсы жаққа өзгертеді және көптеген қазақстандық отбасыларға баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

***

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-елдегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ банктері федерациясының (ЕФССК) және тұрғын үйді қаржыландырудың халықаралық одағының мүшесі болып табылады. «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар