Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

12.08.2020

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ - дағы жаңа тағайындаулар

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы»  ИҰ» АҚ - дағы жаңа тағайындаулар

2020 жылғы 30 шілдеде «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның қосылуына байланысты «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ (бұдан әрі – «Компания») Директорлар кеңесі басқармасының жаңа мүшелері туралы шешім қабылдады.

 

Директорлар кеңесінің шешімімен Аскарбек Ануарбекович Усербаев, Алтай Шоканович Куздибаев және Белла Дон-Ировна Сагимқулова Басқарма төрағасының жаңа орынбасарлары болып тағайындалды.

 

Усербаев Аскарбек Ануарбекович

 

Усербаев Аскарбек Ануарбекович әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Еуразиялық нарық институтын бітірген. Әр жылдары «Астана Моторс» ҚМК бас директоры, «Халық Банк» АҚ Басқарушы директоры, «Меркурий» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бастап «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-да Аскарбек Ануарбекович құрылысқа және жылжымайтын мүлікті басқаруға байланысты бағытты басқарады.

 

Куздибаев Алтай Шоканович

 

Куздибаев Алтай Шоканович М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Менеджмент магистрі және экономика бакалавры дәрежесі бар. «Қазақстан Халық банкі» АҚ бас маманы, «Бірінші несиелік бюро» ЖШС қаржылық жоспарлау бөлімінің басшысы, «Мемлекеттік несиелік бюро» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2013 жылдан бастап «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – мүшесі қызметін атқарды. Компанияда Алтай Шоканович стратегиялық бағытқа жетекшілік ететін болады.

 

Сагимкулова Белла Дон-Ировна

 

Сагимкулова Белла Дон-Ировна экономист-қаржыгер мамандығы бойынша Абай  атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде, мемлекеттік және жеке компанияларда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-да жұмыс істей бастады, онда жетекші маман, бөлім басшысы, бас бухгалтер және басқарушы директор қызметтерін атқарды. Басқарма төрағасының орынбасары ретінде Белла Дон-Ировна қаржыландыру мен бухгалтерлік есепке байланысты бағытты басқарады.

 

Сондай-ақ, Компания басқармасы Төрағасының орынбасарлары ретінде өз өкілеттіктерін Жусупов Мажит Галымжанович және Дыканбаева Асель Маратовна жалғастырады.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар