22.02.2021

«Қарапайым заттар экономикасына» 1 трлн теңге бағытталды

«Қарапайым заттар экономикасына» 1 трлн теңге бағытталды

Қазақстан бизнесмендері «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында бір жарым триллион теңгеден астам жеңілдетілген кредит алды.

Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде (АӨК) жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпкерлерге қолжетімді кредит беріп, қолдау көрсету үшін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша басталды.

Бұл бағдарламаны «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры екінші деңгейлі банктер (ЕДБ), сондай-ақ Аграрлық несие корпорациясы (АНК, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы) арқылы жүзеге асырады.

2018-2020 жылдары ҚР Ұлттық банкінің жалпы қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге дейін жетеді. Атап айтқанда, олар агроөнеркәсіптік кешеніндегі (600 млрд-қа дейін), өңдеу өнеркәсібіндегі (400 млрд-қа дейін) өңдеу және өндіру бойынша басым жобаларды қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Бұлар 1029 түрлі азық-түлік және халық тұтынатын тауарлар өндіретін кәсіпорындар.

Бағдарлама бойынша мемлекет 10 жылға дейінгі ұзақ мерзімге қорландырады және субсидиялайды, соның есебінен клиенттер ұзақ мерзімге 6% жеңілдетілген мөлшерлемеге ие болады. Сондай-ақ, кәсіпкерлер айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейінгі мерзімге қаржыландыру ала алады. Сыйақы мөлшерлемесі 15%-ды құрайды, оның 9%-ын мемлекет субсидиялайды, бұл клиент үшін түпкі мөлшерлемені 6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, демек компанияға түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері және 2021 жылғы 5 ақпандағы жағдай бойынша ЕДБ-ге кәсіпорындардан жалпы қаржыландыру сомасы 1 082,5 млрд. теңгеге 1404 өтінім келіп түсті, оның ішінде 802,9 млрд. теңгеге 970 өтінім мақұлданды.

«Даму» қорына кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға сомасы 474 млрд теңге болатын 686 өтінім түсті, қазіргі уақытта олардың барлығы мақұлданды.

Сонымен қатар, «Даму» қоры қазақстандық кәсіпкерлердің банктегі кредиттері бойынша кепілдіктер беретін оператор болып табылады. Осы құрал бойынша 23,5 млрд теңгеге және 54,6 млрд теңге мөлшеріндегі жалпы кредиттік портфель сомасына барлығы 222 кепілдік шарты мақұлданды.

Жалпы, қарастырылған 1 трлн теңгенің 574,86 млрд теңгесіне «Даму» қоры мен АНК желісі бойынша кредит берілді.

Іске қосылған сәттен бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жеңілдікпен кредит беру тетігі бірнеше рет өзгертіліп, бүгінде анағұрлым ұтымды нұсқасын тапты. Өзгерістер жеті рет топталып енгізілді, олар бойынша қолдау алатын өндірушілер шығаратын халық тұтынатын тауарлар мен азық-түлік түрлерін көбейту көзделді. Сондай-ақ, түзетулер шеңберінде қаражат қайта бөлінді, мөлшерлемелер төмендетілді, қаржыландыру көлемі артты, субсидиялау мерзімдері ұзарды.

Бұл ретте, оператор ретінде «Бәйтерек» холдингінің басқа еншілес ұйымы - Қазақстанның Даму Банкі қосылды. Банк тек қана инфрақұрылымдық және импортты алмастыруға бағытталған жобаларды және Мемлекеттік комиссияның ұсынымы негізінде қаржыландырады. Қаржыландыруды өз қаражаты есебінен 200 млрд теңгеден аспайтын сомада ғана жүргізеді.

Осы мүмкіндіктер отандық тауар өндірушілердің «қарапайым заттар экономикасының» бір бөлігіне айналып, ұлттық экономика негізін нығайтуды көздейтін күрделі әрі маңызды міндеттерді шешуіне жол ашты.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар