18.03.2021

«Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2021 жылғы 16 наурыздағы №1 мәселесі бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баяндамасы

 «Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2021 жылғы 16 наурыздағы №1 мәселесі бойынша «Бәйтерек» ҰБХ»  АҚ баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!


«Бәйтерек» холдингі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, Бизнестің жол картасы, өндіріс, қарапайым заттар экономикасы, сондай-ақ ұлттық экспорттық стратегия сияқты экономиканың шикізаттық емес салаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша Үкіметтің негізгі қаржы операторы болып табылады. Бәйтерек осы уақытқа дейінгі өз қызметі аясында қолдау құралдары арқылы экономиканың өңдеуші секторларына жалпы көлемі 3 трлн теңгеден астам инвестициялардың келуін қамтамасыз етті.

Анықтама үшін:

- ИИДМБ-ны іске асырудың екінші бесжылдығы жылдарында өңдеу өнеркәсібіне 502 миллиард теңге инвестицияланды және бұл көрсеткішті 581 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарлануда;

- Өндіріс бағдарламасы аясында 2015 жылдан бастап ірі және шағын және орта бизнесты қолдау үшін 883 миллиард теңге бөлінді;

Бизнес жол картасы бағдарламасы кезеңінде (2010 жылдан бастап) өңдеу өнеркәсібі 1,4 трлн теңгеден астам қолдау алды;

- екі жыл ішінде «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы шеңберінде өңдеу секторын қолдауға 382 миллиард теңге бағытталды.

- сақтандыру қолдауының арқасында экспорттаушылар жыл сайын 100 миллиард теңгеден астам өнімді экспорттауға мүмкіндік алады.

Таяу жылдары экономиканың өңдеуші секторларына қолдау көрсету көлемі тек өсе беретін болады.

Холдингті қолдау құралдары шеңберінде осы жылы өңдеу өнеркәсібіне келесі көлемде инвестициялар бағыттау жоспарланып отыр.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы-3 шеңберінде үшінші бесжылдық жобаларын іске асыруға 2021 жылы инвестициялар мен экспортты қолдауға 130 млрд теңге көзделген. Қазақстанның даму банкін қаржыландырудың жалпы көлемі 2021 жылы 342 млрд теңгені құрайды.

Бизнес жол картасы 2025-ті іске асыру жалғастырылады, атап айтқанда, биылғы жылы ставканы субсидиялау құралы есебінен 53 млрд теңге көлемінде несие сомасына 850 жобаға қолдау көрсетілетін болады. Өңдеу секторындағы 68 млрд теңге несие сомасына 955 жоба кепілдікпен қамтылатын болады, кепілдік сомасы 27 млрд теңгені құрайды.

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы шеңберінде субсидия есебінен 254 млрд теңге сомасына өңдеу өнеркәсібінің 335 жобасы қаржыландырылады, субсидия сомасы 7,6 млрд теңгені құрайды. Кепілдік 30 млрд теңге несие сомасына 135 жобаға, кепілдік мөлшері 12 млрд теңгеге беріледі.

Қаржыны екінші деңгейлі банктерге орналастыру арқылы қаржыландыруды көздейтін «Өндіріс» бағдарламасы жалғасатын болады. Осы жылғы қаржыландыру көлемі шамамен 123 млрд теңгені құрайды, өңдеу өнеркәсібіндегі 580 жоба несие алады. Қаражат 20 жылға берілді және 2034-35 жылдарға дейін пайдаланылатын болады.

Лизингтік қаржыландыру өндірістік сектордағы жабдықтарды жаңартуға қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда 2021 жылға арналған республикалық бюджетте автобустар мен жолаушылар вагондарын жаңартуға 36,7 млрд. теңге қарастырылған.

Экспорттаушыларды «KazakhExport» АҚ арқылы сақтандырудың көлемі айтарлықтай қарқынмен өсуде. Соңғы үш жылда сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 3 есе өсті, ал 2021 жылы сақтандырудың көлемі 200 миллиард теңгеге жететін болады.

Осылайша, 2021 жылы Холдингтің барлық құралдары бойынша өндірістік сектордағы 894,7 млрд.теңгеден астам сомаға 2770 жобаға қолдау көрсетіледі.

Баяндама аяқталды.Назарларыңызға рахмет!


Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар