BW

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бағдарлама Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын заманауи инфрақұрылымы бар ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде белгілеумен, елдің макроаймақтарын қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру және елдік көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Оның ішінде «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мемлекеттік бағдарламаның азаматтар үшін тұрғын үй қолжетімділігін жоғарылату, кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілетін арттыру, отандық машина құрастыруды қолдау, экспортты қолдау тәрізді бағыттарын іске асыруға жауап береді.

Экономиканың жекелеген секторларын, өңдеу өнеркәсібінің отандық экспортқа шығарушыларды қолдау жөніндегі шараларды  іске асыру және басқа іс-шаралар  өндірістің ағымдағы көлемін , қазіргі жұмыс орындарын сақтауды, сондай-ақ  сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді. 

Тұтас алғанда, инфрақұрылымды дамыту арқылы  мемлекеттік инвестицияларды  ұлғайту және кәсіпкерлікті қолдау арқылы Бағдарламаны іске асыру қысқа мерзімде экономикалық өсімге ықпал етіп қана қоймай, болашақта   тұрақты өрлеуге  алғышарт болады.  

 

 

Бағдарламаға соңғы өзгерістер 2016 жылдың 12 желтоқсандағы № 389 "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күшін жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізілді

  •  

Бағдарлама паспорты

Бағдарлама атауы 2015 - 2019 жылдарға жоспарланған Мемлекеттік инфрақұрылымды дамытуға арналған  «Нұрлы жол» атты бағдарламасы

Жетілдірудің

негіздемесі

2014 жылдың 11 қарашасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық  жоспардың «Нұрлы жол - болашаққа жол» атты бағдарламасының 4-тармағы бойынша

Жетілдіруге

жауапты

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бойынша министрлігі

Жетілдіруге

жауапты органдар

орталық және жергілікті мемлекеттік органдар
Бағдарламаның мақсаты Елдің макроаймақтарын Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін, хаб қағидасында тиімді инфрақұрылым құрасыру негізінде біріктіру арқылы бірыңғай экономикалық нарықты құру, сонымен қатар, сыртқы нарықтардағы жағдаяттың нашарлауы жағдайларында экономиканың жеке секторларын қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру
Бағдарламаның міндеттері

1) Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын құру, сонымен қатар, оның халықаралық көлік жүйесіне бірігуін қамтамасыз ету;

2) өндірістік инфрақұрылымды және туризм инфрақұрылымын дамыту;

3) Бірыңғай энергетикалық жүйесінің энергетикалық инфрақұрылымын күшейту;

4) Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтердің, жылумен, сумен жабдықтаужәнесудың бағыттауы инфрақұрылымдарын жаңғырту (қайта жаңарту және салу);

5) азаматтар үшін тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру;

6) білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту;

7) бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

8)Отандық машина жасау саласын қолдау;

9) Экспортты қолдау;

10) АӨК-тің субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

11) "Бизнестің жол картасы 2020" кәсіпкерлікті дамытудың Бірыңғай бағдарламасының жобаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

12) Зертханалық базаларды дамыту арқылы өнім сапасының қауіпсіздігінқамтамасыз ету;

13) Қазақстанның аумақтарының зерттелу деңгейін ұлғайтуынболжамдық ресурстарының бағалауыменбірге  қамтамасыз ету

Іске асыру мерзімі 2015-2019 жылдары
Мақсатты көрсеткіштер

Келесідей мақсатты индикаторларға қол жеткізу:

1) 2019 жылы 2014 жылға қатысты ЖІӨ 8,7 % өсуін қамтамасыз ету;

2) 2015 - 2019 жылдары 511,2 мың адамға жұмыс орындарын құру, оның ішінде:

тұрақты -167,9 мың адам;

уақытша - 343,3 мың адам;

3) 2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы бойынша ДЭФ рейтингін 57 орынға дейін жоғарылату;

2019 жылы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитті жүктер көлемін, оның ішінде, темір жол және автомобиль көлік түрлерімен 18,1 млн. тоннаға дейін арттыру.

Қаржыландырудың деректері «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасының шаралары мен инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, республикалық және жергілікті бюджет, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдары қаражатының, ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты, сонымен қатар, жалпы индикативті сомасы 7,8 трлн. теңге жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады, оның ішінде:
  Қаржыландыру көздері 


Бағдарлама бойынша жалпы шығындар:
Республикалық бюджет
Ұлттық қор 
Жергілікті бюджет
Халықаралық қаржы институттары мен ұйымдар
Ұлттық компаниялар мен даму институттарының 
меншікті қаражаты 
Жеке инвестициялар және
Қажетті қаражат 
(млрд. теңге) 

7 751,9
429,4
2 355,9
299,4
3 954,2

673,7
39,3

 

Бағдарламаны iске асыру

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын

(бұдан әрі – «Нұрлы жол» бағдарламасы)

іске асыру туралы анықтама

 

 

Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ желісі бойынша)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 Қаулысына сәйкес (бұдан әрі – ҚРҮҚ), ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Даму Банкі) банкаралық кредиттеу механизмдері арқылы ҚР Ұлттық қорынан 50 млрд. теңге сомасына қарыз қаражат бөлінді.

Нақты ҚРҮҚ аясында 01.08.2017 ж. қатысты жағдай бойынша 12 екінші деңгейдегі банк қайталама игеруді есепке алғанда, 56 515,5 млн. теңге (қаражаттың 113%) сомаға өңдеу өнеркәсібіндегі ІКС субъектілерінің 60 жобасын мақұлдады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасының аясында (2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1276, 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 ҚРҮҚ аясында) екінші деңгейдегі банктер ұсынған мәліметтерге сай:

- 2015-2017 жылдары құрылған жаңа жұмыс орындарының нақты саны – 1 564;

- 2015-2017 жылдардағы нақты табыс – 1,57 трлн. теңге;

- 2015-2017 жылдары нақты төленген салықтар – 172,9 млрд. теңге.

 

Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау («Даму» КДҚ» АҚ желісі бойынша)

Ұлттық қордан «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген 50 млрд. теңге аясында 2017 жылдың 1 шілдесіне қатысты жағдай бойынша, ШОБ желісі бойынша 100,6 млрд. теңге сомаға 518 жоба қаржыландырылды, оның ішінде, айналым қаражатын толтыру мақсатында 60,4 млрд. теңге сомаға 267 жоба. Солайша, бөлінген 50 млрд. теңге толық дерлік игерілген.

2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Елбасының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) 23 тармағын жүзеге асыру аясында «Даму» КДҚ» АҚ ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, ҚР Қаржы министрлігімен, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бірлесіп, жалпы сомасы 155 млрд. Теңгеге халықаралық қаржы ұйымдарынан (бұдан әрі – ХҚҰ) кредит желілерін тартуды іске асыруда.

Бұл ретте 2016 жылға ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банктің 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы әрекеттер жоспарымен 65 млрд. теңге сомасында ХҚҰ ақшасын тарту бойынша шара қарастырылған (оның ішінде 30 млрд. теңге Еуропалық Инвестициялық Банктен, 30 млрд. теңге Азиялық Даму Банкінен, 5 млрд. теңге Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен).

Қазіргі уақытта «Даму» КДҚ» АҚ және ХҚҰ арасында кредиттік желілерді тарту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен бірге, Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған мәліметтер бойынша, «Нұрлы жол» Бағдарламасының қатысушылары осы шараларды іске асыруы (2015 жылғы 11 наурыздағы №124 ҚРҮҚ аясында) есебінен 2015-2016 жылдары 569,6 млрд. теңгеге өнім сатылды, шамамен 5,7 мың жұмыс орны құрылды, 2015-2017 жылдары 50,5 млрд. теңгеге салықтар төленді.

 

Отандық машина жасауды дамыту

Отандық машина жасауды қолдауға ҚР Ұлттық қорынан 35 млрд. теңге (2015 жылғы 23 сәуірдегі №271 ҚРҮҚ), оның ішінде 26 млрд. теңге ЕДБ арқылы жеңіл автомобильдерді сатып алу үшін автокредиттеуге, 4 млрд. теңге – «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы көлік құралдары мен арнайы мақсаттағы автотехниканы сатып алуды жеңілдікті лизингті қаржыландыруға, 5 млрд. теңге – жолаушылар вагондарын өндіруді қолдауға бөлінді.

2017 жылдың 17 тамызына қатысты жағдай бойынша Даму Банкі жалпы сомасы 36 302,8 млн. теңгеге автокредиттеуге екінші деңгейдегі банктердің 9 454 өтінімі мақұлданды. Олардың ішінде екінші деңгейдегі 6 банкпен жалпы сомасы 35 382,3 млн. теңгеге отандық автоөндірушілердің автокөліктерін сатып алуға 9 200 кредит берілді.

«ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы отандық автоөндірушілерді лизингтік қаржыландыру аясында, лизингтік келісімшарттарға бекітілген өзгерістерді есепке алумен (ішінара мерзімінен бұрын өтеу және қаржылық лизинг шарттарын бұзу), автоөндірушілер қимасындағы 22 лизинг алушылармен нақты игерілген қаражат сомасы 3,99 млрд. теңге (бастапқы алмастыру), қайталама игеруді есепке алумен -5,54 млрд. теңге.

Жолаушылар вагондарын өндіруді қолдау аясында 2015 жылдың 31 шілдесінде Даму Банкі ұлттық тасымалдаушыны жылдам қозғалысты ұйымдастыру үшін жоғары сапалы вагондармен қамтамасыз ету мақсатында 28 «Тальго» жолаушылар вагондарын сатып алуға 5 млрд. теңге сомасына «Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» АҚ-мен банктік қарыз шартын жасады. Осы бағыт бойынша толық қаражат игеру 2015 жылдың 7 тамызында іске асырылды.

Сонымен бірге, осы бағыт аясында шамамен 2,07 мың жұмыс орны сақталды, 2015-2017 жылдары 4,79 млрд. теңгеге салықтар төленді, 9,39 мыңға жуық автокөлік сатылды.

 

Экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыруды ынталандыру

Отандық экспорттаушыларды қолдау аясында ҚР Ұлттық қорынан 3 траншпен қаражат бөлінді: 1) 35 млрд. теңге в 2015 жылы, 2) 15 млрд. теңге 2015 жылы және 3) 15 млрд. теңге 2016 жылы. (2015 жылғы 23 сәуірдегі №271 ҚРҮҚ ). Қосымша, ҚР Үкіметінің отырысында мақұлданған 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспарына сәйкес (2016 жылғы 15 ақпандағы №5 хаттама, бұдан әрі - Жоспар), «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) қаражатының есебінен 30 млрд. теңге сомаға Даму Банкінің экспорт алдындағы (экспорттық) кредиттеуін қосымша қаржыландыру іске асырылды.

1 және 2 транш аясында 2017 жылдың 17 тамызына қатысты жағдай бойынша Даму Банкі және «ҚДБ-Лизинг» АҚ 50 млрд. теңге сомаға 10 экспорттық операцияны мақұлдады, оның нақты бастапқы игеруі 50 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, бірінші екі транш бойынша қайта игеру 2017 жылдың 17 тамызына қатысты 86,39 млрд. теңгені құрады.

2017 жылдың 17 тамызына қатысты жағдай бойынша 3 траншты қаржыландыру аясында ЖҚ қаражатының және Жоспар аясында шығарылған облигациялар есебінен Даму Банкі жалпы сомасы 42,27 млрд. теңгеге 10 экспорттық операцияны қаржыландыруды мақұлдады, олардың 44,62 млрд. теңгесі өтелетін қаражатты қайта пайдалануды есепке алумен игерілді.

Сонымен бірге, бұл бағыт аясында шамамен 3,7 мың жұмыс орны сақталды, 2015-2017 жылдары 15,6 млрд. теңге сомаға салықтар төленді, экспорт өнімін сатудан түскен түсім шамамен 234,2млрд. теңгені құрады.