nj

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бағдарлама Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын заманауи инфрақұрылымы бар ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде белгілеумен, елдің макроаймақтарын қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру және елдік көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Оның ішінде «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мемлекеттік бағдарламаның азаматтар үшін тұрғын үй қолжетімділігін жоғарылату, кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілетін арттыру, отандық машина құрастыруды қолдау, экспортты қолдау тәрізді бағыттарын іске асыруға жауап береді.

Экономиканың жекелеген секторларын, өңдеу өнеркәсібінің отандық экспортқа шығарушыларды қолдау жөніндегі шараларды  іске асыру және басқа іс-шаралар  өндірістің ағымдағы көлемін , қазіргі жұмыс орындарын сақтауды, сондай-ақ  сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді. 

Тұтас алғанда, инфрақұрылымды дамыту арқылы  мемлекеттік инвестицияларды  ұлғайту және кәсіпкерлікті қолдау арқылы Бағдарламаны іске асыру қысқа мерзімде экономикалық өсімге ықпал етіп қана қоймай, болашақта   тұрақты өрлеуге  алғышарт болады.  

 

 

Бағдарламаға соңғы өзгерістер 2016 жылдың 12 желтоқсандағы № 389 "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күшін жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізілді

  •  

Бағдарлама паспорты

Бағдарлама атауы 2015 - 2019 жылдарға жоспарланған Мемлекеттік инфрақұрылымды дамытуға арналған  «Нұрлы жол» атты бағдарламасы

Жетілдірудің

негіздемесі

2014 жылдың 11 қарашасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық  жоспардың «Нұрлы жол - болашаққа жол» атты бағдарламасының 4-тармағы бойынша

Жетілдіруге

жауапты

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бойынша министрлігі

Жетілдіруге

жауапты органдар

орталық және жергілікті мемлекеттік органдар
Бағдарламаның мақсаты Елдің макроаймақтарын Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін, хаб қағидасында тиімді инфрақұрылым құрасыру негізінде біріктіру арқылы бірыңғай экономикалық нарықты құру, сонымен қатар, сыртқы нарықтардағы жағдаяттың нашарлауы жағдайларында экономиканың жеке секторларын қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру
Бағдарламаның міндеттері

1) Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын құру, сонымен қатар, оның халықаралық көлік жүйесіне бірігуін қамтамасыз ету;

2) өндірістік инфрақұрылымды және туризм инфрақұрылымын дамыту;

3) Бірыңғай энергетикалық жүйесінің энергетикалық инфрақұрылымын күшейту;

4) Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтердің, жылумен, сумен жабдықтаужәнесудың бағыттауы инфрақұрылымдарын жаңғырту (қайта жаңарту және салу);

5) азаматтар үшін тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру;

6) білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту;

7) бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

8)Отандық машина жасау саласын қолдау;

9) Экспортты қолдау;

10) АӨК-тің субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

11) "Бизнестің жол картасы 2020" кәсіпкерлікті дамытудың Бірыңғай бағдарламасының жобаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

12) Зертханалық базаларды дамыту арқылы өнім сапасының қауіпсіздігінқамтамасыз ету;

13) Қазақстанның аумақтарының зерттелу деңгейін ұлғайтуынболжамдық ресурстарының бағалауыменбірге  қамтамасыз ету

Іске асыру мерзімі 2015-2019 жылдары
Мақсатты көрсеткіштер

Келесідей мақсатты индикаторларға қол жеткізу:

1) 2019 жылы 2014 жылға қатысты ЖІӨ 8,7 % өсуін қамтамасыз ету;

2) 2015 - 2019 жылдары 511,2 мың адамға жұмыс орындарын құру, оның ішінде:

тұрақты -167,9 мың адам;

уақытша - 343,3 мың адам;

3) 2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы бойынша ДЭФ рейтингін 57 орынға дейін жоғарылату;

2019 жылы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитті жүктер көлемін, оның ішінде, темір жол және автомобиль көлік түрлерімен 18,1 млн. тоннаға дейін арттыру.

Қаржыландырудың деректері «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасының шаралары мен инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, республикалық және жергілікті бюджет, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдары қаражатының, ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты, сонымен қатар, жалпы индикативті сомасы 7,8 трлн. теңге жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады, оның ішінде:
  Қаржыландыру көздері 


Бағдарлама бойынша жалпы шығындар:
Республикалық бюджет
Ұлттық қор 
Жергілікті бюджет
Халықаралық қаржы институттары мен ұйымдар
Ұлттық компаниялар мен даму институттарының 
меншікті қаражаты 
Жеке инвестициялар және
Қажетті қаражат 
(млрд. теңге) 

7 751,9
429,4
2 355,9
299,4
3 954,2

673,7
39,3

 

Бағдарламаны iске асыру

01.09.2019 ж. жағдай бойынша 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) іске асыру туралы анықтама

 

 

1. Бағдарламаның тікелей нәтижелері көрсеткіштерінің орындалуы (ҚР Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына сәйкес)

Бағдарлама шеңберінде қолдау алған кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі

Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – «ҚДБ» АҚ, Даму Банкі) желісі бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы (бұдан әрі - СКП) шеңберінде (2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1276, 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 ҚРҮ шеңберінде) ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2015-2018 жылдардағы кәсіпорындардың өнімді өткізу көлемі 4 035,1 млрд. теңгені құрады (оның ішінде 2015 жылы – 358,8 млрд. теңге, 2016 жылы – 925,5 млрд. теңге, 2017 жылы шамамен 1 283,7 млрд. теңге, 2018 жылы  - 1 467,1 млрд теңге) және 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 707,6 млрд теңге.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған деректер бойынша ШОБ қолдау аясында «Даму» Қоры желісі бойынша (ҚР ҰҚ 3 траншы) 527,6 млрд теңгеге дайын өнім сатылды (оның ішінде 2015 жылы 93 млрд. теңге, 2016 жылы 118,2 млрд. теңге, 2017 жылы 154,2 млрд. теңге, 2018 жылы 162,1 млрд. теңге).

Бағдарлама шеңберінде қолдау алған кәсіпкерлік субъектілері құрған жаңа жұмыс орындарының саны

ЕДБ ұсынған мәліметтерге сәйкес өңдеу өнеркәсібіндегі ІКС қолдау бағдарламасы шеңберінде «ҚДБ» АҚ желісі бойынша (2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1276, 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 ҚРҮҚ аясында) 2 099 жұмыс орны құрылды (оның ішінде 2015 жылы - 845 орын, 2016 жылы – 658 орын, 2017 жылы – 260 орын, 2018 жылы – 187 орын,  2019 жылдың 1 жарты жылдығында – 149 орын).

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған деректер бойынша, «Даму» Қоры желісі бойынша ШОБ қолдау шеңберінде (ҚР ҰҚ 3 траншы) құрылған жаңа жұмыс орындарының нақты саны - 4 052 (оның ішінде 2015 жылы 2 870 орын, 2016 жылы 811 орын, 2017 жылы 211 орын, 2018 жылы 160 орын).

Осылайша, Бағдарлама шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі бойынша құрылған жұмыс орындарының жалпы саны 6 151 бірлікті құрады.

Бағдарлама шеңберінде автокөліктерді сату көлемі

«Отандық машина жасауды дамыту» бағдарламасының 2015 - 2019 жылдың 2-ші жарты жылдығына арналған бағыты шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тарапынан қолдау алған кәсіпорындар 12,9 мыңнан астам автокөлікті сатты. Бұл ретте, ЕДБ арқылы автоөндірушілерді қаржыландыру шеңберінде 01.09.2019 ж. жағдай бойынша 12 406 бірлік, ҚДБ-Лизинг арқылы қаржыландыру шеңберінде - 688 бірлік автокөлік сатылды.

Отандық тікұшақтарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағын авиациялық қолдаумен қамту

2015 жылғы тамызда ҚР ҰҚ Басқару кеңесі (2015 жылғы 28 тамыздағы №01-9.3 хаттама) «Отандық тікұшақтар өндірісін қолдау» бағыты бойынша 10 млрд.теңге мөлшерінде қаражат бөлу туралы шешім шығарып, «Отандық автоөндірушілерді қолдау» бағыты бойынша лимитті 20 млрд. теңгеден 30 млрд. теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады.

Бағдарлама шеңберінде қолдау алған кәсіпорындардың шикізаттық емес экспортының көлемі

«Экспорттық және экспортқа дейінгі қаржыландыруды ынталандыру» бағдарламасының бағыты шеңберінде кәсіпорындардың 2015 жыл және 2019 жылдың 1-ші тоқсанында экспортқа өнім өткізуден түскен түсімі 507,1 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2018 жылы – 116,7 млрд теңге, 2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында – 62,3 млрд теңге.

 

2. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау (2015 жылғы 27 сәуірдегі № 344 ҚРҮҚ сәйкес)

Отандық өндірістің жүк вагондарын лизингтік қаржыландыру мүмкіндігін қарау

2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспарының 31-ші тармағын орындау шеңберінде (ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 ақпандағы №5 отырыс хаттамасы) ШОБ және экономиканың базалық салаларын қолдау мақсатында 2016 жылғы 1 тамызда «ҚДБ» АҚ отандық өндірістің жүк вагондарын лизингтік қаржыландыру үшін жылына 14% мөлшерлерме бойынша 17,5 млрд теңге мөлшерінде БЖЗҚ қаражаты тартылды, бұл ретте осы қаражат есебінен «Вагон Строй Менеджмент» ЖШС өтінімі бойынша лизингтік мәміле қаржыландырылды.

ҚР ҰБ-дағы ЕДБ-ның жекелеген банктік шоттарында несиелік қаражатты орналастыру

2015 жылғы 11 наурыздағы №124 ҚРҮҚ сәйкес банкаралық несие беру тетіктері арқылы кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға ҚР Ұлттық қорынан 100 млрд.теңге сомасында қарыз қаражаты бөлінді, оның ішінде 50 млрд. теңге – «ҚДБ» АҚ желісі бойынша ІКС қолдауға, 50 млрд. теңге – «Даму» КДҚ» АҚ желісі бойынша ШОБ қолдауға бөлінді.

Аталмыш ҚРҮҚ аясында «ҚДБ» АҚ желісі бойынша 01.08.2019 жылғы жағдай бойынша 12 екінші деңгейдегі банк өңдеу өнеркәсібіндегі АӨК субъектілерінің 94 жобасын 145 853 млн. теңге сомасында мақұлдады, 140 503 млн. теңге сомасында 93 жоба қаржыландырылды. Осылайша, бөлінген 50 млрд. теңгенің 278%-ы қаражаты қайта игеруді есепке ала отырып нақты игерілді.

«Даму» КДҚ» АҚ желісі бойынша 01.08.2019 жылғы жағдай бойынша Екінші деңгейдегі банктер қаражатты қайта игеруді ескере отырып, 178 млрд. теңге сомасына 718 жобаны қаржыландырды (оның ішінде қайтарымды қаражат есебінен).

ШОБ қолдау үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан 2015 - 2017 жылдар ішінде жалпы сомасы 155 млрд. теңгеден астам кредиттік желілерді тарту

01.01.2018 ж.жағдай бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Даму» Қоры Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (бұдан әрі - ЕҚДБ), Азия Даму Банкі (бұдан әрі - АДБ) сияқты ХҚҰ-нан несиелік желілерді тарту бойынша жұмыс жүргізді.

Осылайша, Қазақстандағы микро, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бағдарламаны, сондай-ақ «Әйелдер бизнесте» бағдарламасын жүзеге асыруға ЕҚДБ-дан 230 млн. АҚШ доллары көлемінде несиелік желі тарту шеңберінде «Даму» Қоры ЕҚДБ-мен жалпы сомасы 202 млн. АҚШ долларына (теңге баламасындағы сома шамамен 53 824,2 млн. теңгені құрайды) 8 келісім жасалды. Оның ішінде 2015 жылы 27 220 млн. теңгеге келісімдер жасалды, 2016 жылы - 23 019,2 млн. теңге, 2017 жылы - 3 585 млн. теңге.   

2015 жылдың қазан айында  «Даму» Қоры 5 жылдық мерзімге АДБ-дан мемлекеттік кепілдікпен 228 млн. АҚШ доллары (балама 62 807 млн. теңге) сомасында 3 транш жұмылдырды.

13.10.2017 ж. ҚР Үкіметінің мемлекеттік кепілдігімен АДБ-мен 72 млрд. теңге сомасына қарыз туралы келісім жасалды.

Осылайша, ХҚҰ-нан 2015-2017 жж. несиелік желілерді тартуға келісімдердің жалпы сомасы шамамен 188,6 млрд.теңгені құрады.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Р. Жақсыбековтің 08.01.2018 жылғы №3150-7 ПАБ қарарына сәйкес бұл мәселе бақылаудан алынды.

Отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды ЕДБ арқылы шартты қаржыландыру

2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі 6 банк отандық автоөндірушілердің автокөліктерін сатып алу үшін жалпы сомасы 52 974 млн теңгеге 12 406 несие берді.

Отандық өндірістің автокөлік құралдарын және арнайы мақсаттағы автотехниканы сатып алушыларды лизингтік қаржыландыру

«ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы отандық автоөндірушілерді лизингтік қаржыландыру шеңберінде 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша лизингтік мәмілелерге бекітілген өзгерістерді ескере отырып (қаржы лизингі шарттарын ішінара мерзімінен бұрын өтеу және бұзу) автоөндірушілер бөлінісінде нақты игерілген қаражат сомасы 4 млрд.теңгені (бастапқы орналастыру) құрады. Екінші рет игеруді ескере отырып, 688 бірлік техника жеткізуге 8,3 млрд.теңге игерілді.

Отандық өндіріс болып табылатын «Еврокоптер» тікұшақтарын сатып алушыларды («Қазавиақұтқару» АҚ) лизингтік қаржыландыру

2015 жылғы тамызда ҚР ҰҚ Басқару кеңесі (2015 жылғы 28 тамыздағы №01-9.3 хаттама) «отандық тікұшақтар өндірісін қолдау» бағыты бойынша 10 млрд.теңге мөлшерінде қаражат бөлу туралы шешім шығарып, «отандық автоөндірушілерді қолдау» бағыты бойынша лимитті 20 млрд. теңгеден 30 млрд. теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады.

Отандық өндірістегі жолаушылар вагондарын сатып алушыларды («ҚТЖ» ҰК» АҚ немесе «ҚДБ» АҚ талаптарына сәйкес келетін «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымын) қаржыландыру

Жолаушылар вагондарын өндіруді қолдау аясында 2015 жылғы 31 шілдеде Даму Банкі Ұлттық тасымалдаушыны жүрдек қозғалысты ұйымдастыру үшін жаңа, жоғары сапалы вагондармен қамтамасыз ету мақсатында «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» АҚ-мен 28 «Тальго» жолаушылар вагонын сатып алу үшін 5 млрд. теңге сомаға банктік қарыз шартын жасасты. Осы бағыт бойынша қаражатты толық игеру 2015 жылғы 7 тамызда жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын отандық экспорттаушылардың/импорттаушылардың өнімдерін қаржыландыру, оның ішінде лизингтік қаржыландыру жолымен

Отандық экспорттаушыларды қолдау шеңберінде ҚР Ұлттық қорының қаражаты 3 траншпен бөлінді: 1) 2015 жылы 35 млрд.теңге, 2) 2015 жылы 15 млрд. теңге және 3) 2016 жылы 15 млрд. теңге (2015 жылғы 23 сәуірдегі №271 ҚРҮҚ). ҚР Үкіметінің отырысында мақұлданған 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспарына (2016 жылғы 15 ақпандағы №5 хаттама, бұдан әрі - жоспар) сәйкес БЖЗҚ қаражаты есебінен 30 млрд.теңге сомасына Даму Банкінің экспорт алды (экспорттық) несиелеуін қосымша қаржыландыру жүзеге асырылды.

1 және 2 транш шеңберінде Даму Банкі мен «ҚДБ-Лизинг» АҚ 50 млрд.теңге сомасына 10 экспорттық операция мақұлданды, оның ішінде іс жүзінде бастапқы игеру 50 млрд. теңгені құрады.

2019 жылдың 8 айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты және жоспар шеңберінде шығарылған облигациялар есебінен 3 траншты қаржыландыру шеңберінде Даму Банкі 67 млрд теңге сомасына 11 экспорттық операцияны қаржыландырды.

Жалпы 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша отандық экспорттаушыларды қолдау аясында 1, 2, 3 транш бойынша игерілген қаражат көлемі 383 млрд теңгені құрады.