BW

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) бекітілді, ол тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін біріктірген және бұрын қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламалар: 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша әрекет етеді.

Бағдарламаның мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бірыңғай оператор болып табылады және бағдарламаның келесідей негізгі бағыттарын іске асыруға қатысады:

1) ЖАО облигацияларын сатып алу тетігі арқылы ЖАО несиелік тұрғын үй салуды қаржыландыру;

2) ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру;

3) жеке құрылыс салушылардың құрылысын ынталандыру;

4) бұрын қабылданған бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй құрылысын аяқтау (Нұрлы жол, ӨДБ-2020);

5) үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау.

Бағдарлама паспорты

Бағдарлама атауы

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеуге арналған негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 01-7.8 кеңейтілген отырысы хаттамасының 3.11-тармағы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қарашадағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Елбасының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына Үндеуіндегі тапсырмалары

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Бағдарламаның мақсаты

 Халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру

 Бағдарламаның міндеттері

1-міндет. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу.

2-міндет. Кредиттік тұрғын үй құрылысы.

3-міндет. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

4-міндет. Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру.

 5-міндет. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарта отырып, тұрғын үй салу.

 Іске асыру мерзімі

 2017 - 2021 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Индикатордың атауы 2016 жыл (бағалау) 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі, мың шаршы метр*, оның ішінде: 9619 10116 12097 13065 14110 15239 ИИДМ статистикасының ресми деректері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

көп пәтерлі тұрғын үй 4825 5116 6991 7550 8154 8806

жеке тұрғын үй 4322 5000 5106 5515 5956 6433

* Аталмыш индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлеміне байланысты нақтыланады.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржылық шығындар республикалық бюджет, сондай-ақ жеке инвестициялар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері есебінен көзделеді.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі:

млрд. теңге


2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Барлығы

РБ*

127,6

148,6

289,8

279,8

282, 7

1128,5

Бюджеттен тыс қаражат**

43,1

120,9

129,4

101,2

109,6

504,2

Қорытынды

170,7

269,5

419,2

381

392,3

1632,7


Лучшая коллекция розыгрышей geek можно найти на сайте GeekPrank.com. Играйте с симулятором Windows, поддельными экранами обновлений, фальшивым форматом диска и другими шалостями.

Бағдарламаны iске асыру

«НҰРЛЫ ЖЕР» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ақпарат
2019 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі жағдай бойынша 


1) Несиелік тұрғын үй салу үшін ЖАО облигацияларын сатып алу
2017 жылдан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан нарықтық тетіктерге ЖАО облигацияларын сатып алу арқылы ғана қаржыландыруға толығымен көшті.
Осы бағыттың операторы «Бәйтерек девелопмент» АҚ болып табылады. Барлық қаржы қаражаттары, сондай-ақ жобаларды іріктеу, құрылыс салушыларды анықтау, құрылыс барысын игеру және мониторингілеу жөніндегі атқарымдар ЖАО-ға берілді.
ЖАО облигацияларын сатып алу тетігі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру әрбір 2 жыл сайын «револьверлік» қағидат бойынша қаражатты айналдыруға және ресурстарды қосымша тағы бөлмей, жаңа құрылысқа қайта жіберуге мүмкіндік береді
Бұл ретте, ЖАО салынған тұрғын үйдің құрылысын және сатылуын белгіленген бағалар бойынша қаржыландырады: Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалалары үшін – 1 м2 үшін 180 мың теңгеге дейін, қалған өңірлерде - 1 м2 үшін 140 мың теңгеге дейін.
2019 жылға жоспар 108,8 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде бүгінгі күні 87,4 млрд. теңгеге облигациялар сатып алынды. 21,4 млрд. теңгеге қалған облигациялар ЖАО бұйрықтардың шығарылуына қарай ағымдағы жыл ішінде сатып алынатын болады.
Анықтама: Бүгінгі күні ЖАО облигациялары 295,5 млрд. теңгеге сатып алынды, оның ішінде:


- 2016 жылы 38,2 млрд. теңге жоспармен 38,2 млрд. теңге сатып алынды;
- 2017 жылы 71,9 млрд. теңге жоспармен 71,9 млрд. теңге сатып алынды;
- 2018 жылы 98 млрд. теңге жоспармен 98 млрд. теңге сатып алынды; 


- 2019 жылы жоспар бойынша 108,8 млрд. теңге 87,4 млрд.теңге сатып алынды.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2018 жылы «Астана Құрылыс Компаниясы»  ЖШС арқылы 20 млрд.теңге бағыттайды. Іс жүзінде 2018 жылы 20 млрд.теңге немесе жоспардан 100% жіберілді. 2019 жылға арналған жоспар 20 млрд. теңгені құрайды, олар 3-4 тоқсанға бағытталады. Бүгінгі күні жалпы сомасы 46,3 млрд.теңгеге келісім-шартқа қол қойылды, оның ішінде «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС үлесі 27,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде орындалған жұмыстар актілері бойынша 3,4 млрд. теңге игерілді. 

2)  «ҚТҚЖБ» АҚ салымшыларын несиелендіру
«ҚТҚЖБ» АҚ сұранысты және жеңілдікті тұрғын үй қарыздарын беру жолымен өз салымшылары үшін ЖАО салған тұрғын үйлерді сатуды ынталандырады. Бүгінгі күні «ҚТҚЖБ» АҚ жүйесінде 705.7 млрд.теңге жинақтау сомасымен 1,437 млн. шарт бар.
2019 жылға жоспар 322 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күні 333 млрд.теңгеге 31,5 мың қарыз берілді, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 36,5 млрд. теңгеге 4,6 мың қарыз берілді (Бақытты отбасын есептемегенде).
Анықтама: «ТҚЖБ» АҚ қызметінің барлық кезеңінде (2005 жылдан бастап) барлығы 1,47 трлн. оның ішінде 2016-2019 жылдар аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 133 млрд.теңгеге 17,6 мың қарыз берілді.
2017 – 2018 жылдары РБ-дан 47 млрд.теңге бюджеттік кредиттер берілді, 100% игерілді. 2019 жылғы Наурызда 28 млрд.теңге бюджеттік кредит берілді, 17,76 млрд. теңге игерілді, қалған қаражат ағымдағы жылдың соңына дейін бекітілген ҚЭН сәйкес игеріледі. 

Бақытты отбасы ҚТҚЖБ арқылы 
2019 жылдың 16 шілдесінен бастап «ҚТҚЖБ» АҚ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын «Бақытты отбасы» арнайы бағдарламасын іске қосты (ҚРҮҚ өзгертулер 29.04.19 жылы енгізілді).
Анықтама: ҚР ИИДМ мәліметтеріне сәйкес, ел бойынша ЖАО-да кезекте тұрған 38 мың көп балалы отбасы бар.
Осы мақсаттарға РБ-тен 150 млрд.теңге бөлу жоспарлануда (25 жыл мерзімге жылдық 0,01%-бен) - 2019 жылдан бастап жыл сайын 3 жыл ішінде 50 млрд. теңгеден. 25 жыл ішінде 3 айналым жасалып, 53,9 мың жеңілдікті қарыз беріледі.
                 
• несие бойынша мөлшерлеме – 20 жылға дейін жылдық 2%;
• бастапқы жарна – тұрғын үй сертификаттарын пайдалану мүмкіндігімен 10% бастап;
• қарыз сомасы – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 15 млн. теңгеге дейін, қалған өңірлерде 10 млн. теңгеге дейін;
• бастапқы және қайталама базарларда тұрғын үй сатып алу;


Мысалы, пәтердің құны 8 млн.теңге, бастапқы жарна 10% немесе 800 мың теңге және 19 жылға қарыз мерзімі кезінде ай сайынғы төлемдердің мөлшері алғашқы 8 жылда – 42,1 мың теңгені, қалған 11 жылда – 27,4 мың теңгені құрайтын болады.

Бүгінгі күні ҚТҚЖБ 49,8 млрд.теңге сомасына 4 842 өтінім қабылдады, оның ішінде 24,5 млрд. теңге сомасына 2 336 өтінім мақұлданды, 3,9 млрд. теңгеге 371 қарыз берілді.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендауінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына (2019 жылғы 2 қыркүйектегі) сәйкес, 2020 жылдан 2023 жылға дейін жыл сайынғы несие беру жоспары 10 мың өтінімді құрайды. Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ 2020 жылы қосымша 40 млрд.теңге (бекітілген 50 млрд. теңгеге қоса) бөлуге бюджеттік өтінімді қалыптастырады.

ҚТҚЖБ арқылы берілетін Әскери ипотека 
Бұдан басқа, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамаға әскери қызметшілерге алынатын тұрғын үй төлемдері есебінен «ҚТҚЖБ» АҚ-да жинақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. 67 мыңнан астам әскери қызметші өз баспанасымен қамтамасыз етіледі, 25 жыл ішінде бюджет үшін үнемдеу 824 млрд.теңгені құрайды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша әскери қызметшілер жалпы сомасы 149 млрд. тенгені құрайтын 85,75 мың арнайы есеп ашты.

Анықтама: Әскери прокуратура-300 млн. теңге, ҰҚК – 330 908 млн. теңге, ҚМ – 85 528 млн. теңге, Ұлттық гвардия – 24 179 млн. теңге, АҚО – 2 724 млн. теңге, ІІМ – 295 млн. теңге, Сырбар – 2 181 млн. теңге, ТЖД – 202 млн. теңге.
«ҚТҚЖБ» АҚ 98,683 млрд.теңгеге 6 504 қарыз берді. 


• несие бойынша мөлшерлеме – 25 жылға дейін жылдық 8% 
• бастапқы жарна – 15%-дан бастап
• бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу

2) Бұрын қабылданған бағдарламалар бойынша құрылысты аяқтау
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Холдингтің еншілес ұйымдары «ҚИК» АҚ мен «ДБ» АҚ 2018 жылы бұрын қабылданған бағдарламалар (Нұрлы жол, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) шеңберінде тұрғын үй құрылысын толығымен аяқтады.
«ҚИК» АҚ жалға берілетін тұрғын үй бойынша 2018 жылы жоспар бойынша 80 мың м2 97,3 мың м2 (1 734 пәтер) тапсырылды.
Анықтама: «ҚИК» АҚ барлығы 1,1 млн.м2 (18 583 пәтер) салу және сатып алу шарттарына қол қойды. Барлық объектілер тапсырылды, оның ішінде:


- 2015 ж. жоспар бойынша 401 мың м2 425,5 мың м2 тапсырылды (7 234 пәтер);         
- 2016 жылы жоспар бойынша 326 мың м2 328 мың м2 (5 993 пәтер) тапсырылды);
- 2017 жылы жоспарланған 165 мың м2 203,8 мың м2 (3 622 пәтер); 
- 2018 жылы 80 мың м2 жылдық жоспар кезінде 97,3 мың м2 (1 734 пәтер) тапсырылды. 
«ДБ» АҚ жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй бойынша 2018 жылы жоспарланған 34 мың м2 35,1 мың м2 (588 пәтер) тапсырылды.

Анықтама: Барлығы «ДБ» АҚ 589,4 мың м2 (9 831 пәтер) шарттарға қол қойды.  Барлық объектілер тапсырылды, оның ішінде:
- 2016 жылы 124 мың м2 жоспар бойынша 128,8 мың м2 (2 036 пәтер) тапсырылды.);
- 2017 жылы жоспарланған 389,3 мың м2 425,5 мың м2 (7 207 пәтер);
- 2018 жылы 34 мың м2 жылдық жоспар кезінде 35,1 мың м2 (588 пәтер) тапсырылды. 
Барлық қаражат 100% игерілді және нысандар тапсырылды. 

4)  «ТҚКҚ» АҚ арқылы үлестік тұрғын үй құрылысы
«ТҚКҚ» АҚ тұрғын үй құрылысындағы үлестік салымдарды кепілдендіруге 2016 жылдың 10 қазанынан бастап кірісті (жаңа Заң күшіне енді). Осы мақсаттар үшін 2016-2017 жылдары РБ – дан жалпы сомасы 20 млрд.теңгеге «ТҚКҚ» АҚ капиталдандыру жүзеге асырылды.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, бағдарлама бойынша салынған жобалардың жалпы жоспары 90,3 млрд.теңгені құрауы тиіс. «ТҚКҚ» АҚ жалпы сомасы 102.3 млрд.теңгеге 30 кепілдік берді. Ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 35,1 млрд. теңгеге жобалар кепілдендірілетін болады.

5) «ҚИК» АҚ арқылы халықтың ипотекалық қарыздарын субсидиялау
Осы бағыт шеңберінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында халыққа ЕДБ беретін ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігі қарастырылған. Оператор «ҚИК» АҚ болып табылады, ол 2017 жылғы мамырдан бастап (тетікті іске қосу сәтінен бастап) ЕДБ жылдық 16%-ға дейін беретін нарықтық ипотека бойынша 10 жыл ішінде жылдық 6%-ға дейін субсидиялайды.
Барлық ЕДБ халықтан 36,2 млрд. теңге сомаға өтінімдер мақұлданды. Сонымен қатар, «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламаның енгізілуіне байланысты бұл бағыт 2018 жылдың 22 маусымынан бастап алынып тасталды.
«ҚИК» АҚ мақұлдаған халық ипотекасын субсидиялау жөніндегі өтінімдер міндеттемелер толық орындалғанға дейін 10 жыл бойы сақталады. Осы мақсаттар үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 1,6 млрд.теңге бөлінеді.


6) «Даму» АҚ арқылы құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау
Осы бағыт шеңберінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында ЕДБ беретін жеке құрылыс салушылардың несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігі қарастырылған. Оператор «Даму» АҚ болып табылады, ол 3 жыл ішінде жылдық 14% дейін несиелер бойынша жылдық 7% субсидиялайды.
Осы бағытты іске асыру басталғаннан бері (2017 жылдың маусымынан бастап) «Даму» АҚ 66,2 млрд.теңге сомасына 74 жобаны субсидиялауға қол қойды. (2017 жылы 30,1 млрд. теңгеге, 2018 жылы 24,5 млрд. теңгеге, 2019 жылы 11,4 млрд. теңгеге).
Анықтама: ЕДБ жеке құрылыс салушыларға дербес несие береді. Төмен белсенділіктің негізгі проблемасы жеке құрылыс салушылардың несиелендірілуі, қосымша кепілдіктерді қамтамасыз ету және тұрғын үй құрылысының 80%-дан астамын азаматтардың қаражатын тартуға мүмкіндік беретін үлестік құрылыс тетіктерімен қамту проблемасы болып табылады.


7) «ҚИК» АҚ арқылы мұғалімдер мен дәрігерлерге жалға берілетін тұрғын үй  
Осы бағыт шеңберінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында дәрігерлер мен мұғалімдер үшін жалға берілетін тұрғын үй салу мен сатып алуды қаржыландыру үшін «ҚИК» АҚ-на түсетін жалдау төлемдерін пайдалану және нарықтық қарыз алу арқылы микширлеу тетігі көзделген.
2019-2020 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы көлемі 40 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2019 жылға – 20 млрд.теңге, 2020 жылға – 20 млрд. теңге. Осы қаражат есебінен 2019-2020 жылдары 3 мың мұғалім мен дәрігерді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Бүгінгі күні Алматы қаласында 4,3 млрд.теңгеге (288 пәтер), Қарағанды қаласында 0,2 млрд. теңгеге (21 пәтер) пәтерлер сатып алуға шарттар жасалды.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы дайын тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 1,9 млрд.теңгеге (146 пәтер) тендер қайта жарияланды. Қорытынды қазан айында шығарылады.
Нұр-Сұлтан, Атырау, Түркістан, Ақтау, Көкшетау, Қостанай қалаларында жалпы ауданы 34 мың м2 (588 пәтер) пәтер алуға бұрын жарияланған тендер өткізілмеген деп танылды.
Жалға берілетін тұрғын үй шарттары: 


• сатып алу құқығымен жалдау мерзімі – 20 жылға дейін
• мөлшерлеме – жылдық 3,1%  
• бастапқы жарна – жоқ 
• «ҚИК» АҚ тек бастапқы нарықта ғана тұрғын үй сатып алады 
Мақсатты аудитория – дәрігерлер мен мұғалімдер, үміткерлер тізімін ЖАО кезекте тұрғандар қатарынан ұсынады.