BW

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 31 желтоқсан 2016 жылғы №922 Қаулысы бойынша, тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа механизмдерін біріктірген және бұрын қабылданған салалық және мемлекеттік: 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша әрекет еткен "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылыс бағдарламасы (ары қарай - Бағдарлама) бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты халық үшін баспананың қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (ары қарай-Холдинг) Холдингтің еншілес ұйымдары арқылы төменде келтірілген тапсырмаларды (бағыттарды) жүзеге асыруға қатысады:

1. Ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру (Бағдарламаның №1 мақсаты). 
2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен жыл сайын ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7% жылдық көрсеткіш көлемінде субсидиялар бөлінеді, олар "Қазақстандық ипотекалық Компания" ИҰ" АҚ қаржы агенті арқылы бағытталатын болады;

2. Тұрғын үй салуды жекеменшік салушылардың қолға алуын ынталандыру (Бағдарламаның №2 мақсаты). 
2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен жыл сайын ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7% жылдық көрсеткіш көлемінде субсидиялар бөлінеді, олар "Даму" КДФ" АҚ қаржы агенті арқылы бағытталатын болады.

3. Кредиттік тұрғын үйді тұрғын үй құрылыс салымдарының жүйесі арқылы салу (Бағдарламаның №3 мақсаты). 
Кредиттік тұрғын үйді салуға бағытталатын қаражаттардың айналуын қамтамасыз ету үшін, 2017 жылдан бастап, "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшыларға кредит беру мақсатында жыл сайын 24 млрд.теңге бөлетін болады.

4. Халықты жалдама баспанамен қамтамасыз ету (Бағдарламаның №6 мақсаты). 
Бұрын қабылданған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 2017-2018 жылдары "Қазақстандық Ипотекалық Компания" АҚ жалдама тұрғын үй құрылысы жалғастырылады.

5. Үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау (Бағдарламаның №7 мақсаты). 
Үлестік салымдарды қорғау механизмін жүзеге асыру "Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры" АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлама төлқұжаты

Бағдарлама атауы

 

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы

Дайындауға негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 21 шілде 2011 жылғы № 118 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістікте дамуы туралы болжамдық сызбасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен, 9 қыркүйек 2016 жылғы №01-7.8 (ПӘ) Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысының хаттамасының 3.11 тармағы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 11 қараша 2014 жылғы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" жолдауы.

Бағдарламаны әзірлеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігі
Бағдарлама мақсаты Тұрғын үйге халықтың қол жеткізе алу мүмкіндігін арттыру
Бағдарлама тапсырмалары

1 тапсырма. Ипотекалық несие алудың қолжетімділігін арттыру.

2 тапсырма. Құрылысты жеке меншік салушылардың салуына ынталандыру.

3 тапсырма. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несиеге тұрғын үй салу.

4 тапсырма. Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтары үшін, жалға берілетін тұрғын үй қорын құрастыру.

5 тапсырма. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

6 тапсырма. Халықты жалдамалы және коммерциялық баспанамен қамту.

7 тапсырма. Үлестік құрылысты қолдау.

Жүзеге асыру мерзімдері 2017 – 2021 жылдар
Мақсаттық көрсеткіштер Көрсеткіш атауы

2016

(бағалау)

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

жыл

Ақпарат көзі Жету үшін жауаптылар  
Қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен тұрғын үйді енгізу көлемі, мың кв.метр*, сонымен қатар: 9619 10116 10530 10652 10694 10797 Статистиканың ресми деректері Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ҰЭМ, ЖАО, 
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ,
«Сам-рук-Қазы-на» ҰӘАҚ
 
Көп пәтерлі тұрғын үй 4825 5116 5130 5172 5204 5297  
Жеке тұрғын үй 4794 5000 5400 5480 5490 5500  
*Бұл көрсеткіштер тиісінше қаржылық жылдарға арналған қаржыландыру көлемдеріне байланысты анықталады.
Қаржыландыру көздері және мөлшері

Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған қаржылық шығындар республикалық бюджет есебінен, сонымен қатар, жеке инвестициялардан, мемлекеттік сымақ сектор субъектілерінің есебінен қарастырылады.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемдері құрастырады:

 

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

2021

жыл

Барлығы
РБ*, соның ішінде: 168,8 182,0 174, 0 139,0 139,0 802,8
Ипотекалық баспана қарыздары бойынша субсидиялар 10,0 10,0 10,0 10,0 10,0 50,0
Салушылардың несиелері бойынша субсидиялар 11,0 11,0 11,0     33,0
ҚТҚЖБ бюджеттік несиелендіру 24,0 24,0 24,0 24,0 24,0 120,0
Ары қарай кепілдік беру қорының жарғылық капиталын арттыруға арналған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жарғылық капиталын арттыру 10,0 0 0 0 0 10,0
Бюджеттен тыс қаражаттар**, сонымен қатар: 0 277,0 89,0 283,2 89,5 738,7
Мемлекеттік сымақ сектор субъектілерін ің облигациялық қарыздары бойынша қаражаттары   277,0 83,1 277,0 83,1 720,2
ЖАО құнды қағаздарын сатып алу арқылы несиелік тұрғын үй салу үшін "КИК" НҰ" АҚ жалдама төлемдері     5,9 6,2 6,4 18,5

*Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісінше қаржылық жылдарға республикалық бюджетті бекіткен кезде анықталады;

** бұл қаражаттар ЖАО құнды қағаздарын сатып алу арқылы несиелік тұрғын үйлер салуға және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ -на ЕДБ шартты салымдарын орналастыруға жіберіледі.

Бағдарламаны iске асыру

2017 жылдың 19 қыркүйегіне қатысты жағдай бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының аясында тұрғын үй салу барысы туралы ақпарат

 

 

«Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ

2015-2016 жж. Ұлттық қордан жалға берілетін тұрғын үй салуды және сатып алуды қаржыландыруға 115 млрд. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, тұрғын үй салуға бұрын 2013-2014 жж. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша алынған 29,2 млрд. теңге және 2016 жылы республикалық бюджеттен алынған 19,1 млрд. теңге сомасындағы бюджеттік кредит қаражаты жіберілді.

Осы қаражат есебінен 1054,7 мың м2 (18 654 пәтер) салу және сатып алу шарттарына қол қойылды, олардың ішінде:

- 2015 жыл объектілері бойынша 401 мың м2 жоспарда 425,5 мың м2 (7 234 пәтер) тапсырылды;

- 2016 жыл объектілері бойынша 326 мың м2 жоспарда 328 мың м2(5 993 пәтер) тапсырылды;

- 2017 жылдың 8 айында 165мың м2 жоспарда, 301,2 мың м2(5 427 пәтер) жалпы келісімшарттық көлемде 165,8 мың м2 (2 974 пәтер) тапсырылды. Қалған пәтерлер 2017 – 2018 жж. тапсырылады.

 

 

«Бәйтерекдевелопмент» АҚ

2016 ж. Ұлттық қордан жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салуды қаржыландыруға 113 млрд. теңге бөлінді.

Осы қаражат есебінен жалпы ауданы 588,7 мың м2 (9831 пәтер) 95,6 млрд. теңгеге шарттарға қол қойылды, олардың ішінде:

- 2016 жыл объектілері бойынша 124 мың м2 жоспарда 128,5 мың м2 (2 036 пәтер) тапсырылды.

- 2017 жылдың 8 айында 100 мың м2 жоспарда 250,2 мың м2 (4 139 пәтер) тапсырылды. 2017 ж. соңына дейін қосымша 139,5 мың м2 (2 431 пәтер), 2018 ж. – 70,5 мың м2(1225 пәтер) тапсыру жоспарлануда.

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен игеру жоспары 2016 ж. – 51,4 млрд. теңгені, 2017 ж. – 61,6 млрд. теңгені игеруді қарастырады, оның ішінде 2016 ж. қорытындылары бойынша 52,3 млрд. теңге игерілді. Солайша, 2016 ж. игеру жоспары толық көлемде орындалды.

Бүгінгі күні құрылыс салушыларға 81,7 млрд. теңге аударылды. Келісімшарт жасалмаған 17,4 млрд. теңге бойынша ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес 2017 ж. 2 жарты жылдығында келісімшарт жасалмаған қаражатты ЖАО облигацияларын сатып алуға қайта бөлу бойынша 2017 ж. 7 тамыздағы шешімді қабылдады.

Одан басқа, 2016 ж. Ұлттық қордан кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсаттарында ЖАО облигацияларын сатып алуға 67 млрд. теңге бөлінді. Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен игеру жоспары 2016 ж. – 38,2 млрд.теңгені, 2017 ж. – 28,8 млрд. теңгені игеруді қарастырады, олардың ішінде 2016 ж. қорытындылары бойынша 38,2 млрд. теңгеге ЖАО облигациялары сатып алынды. Солайша, 2016 жылға арналған игеру жоспары толық көлемде орындалды.

Бүгінгі күні 66,9 млрд. теңгеге ЖАО облигациялары сатып алынды. 120,5 млн. теңге көлеміндегі қалдық Ақмола (100 млн. теңге), Алматы (15 млн. теңге) және Ақтөбе облыстарында (5,5 млн.теңге) конкурстық шаралар бойынша қаражатты үнемдеу есебінен қалыптасты.

Бұл қаражат 2017 ж. 2 жарты жылдығында бағалы қағаздарды қосымша сатып алуға жұмсалады.

 

 

ЭКСПО объектілерін салу (76,1 млрд. теңге ҚРҰҚ)

2014 - 2016 жж. Ұлттық қордан 76,1 млрд. теңге бөлінді.

Анықтама ретінде: Облигациялық қарыз 20 жылға 0,15% мөлшерлемемен берілді. Аталған қаражатты қайтару 2036 ж. дейін іске асырылады.

76,1 млрд. теңге немесе бөлінген қаражаттың 100% игерілді (бұл ретте 0,7 млрд. теңге құрылыс салушылардың кепілді міндеттемелері болып табылады).

Барлық объектілер 2016 ж. желтоқсанында тапсырылды және тіркелді (жылжымайтын тұрғын үй объектілері - 39,9 млрд.теңгеге ауданы 98,5 мың м2 құрайтын 1 300 пәтер және машина орны, 36,3 млрд.теңгеге ауданы 138 мың м2СОСО).

Жылжымайтын тұрғын үй объектілері көрме қатысушылары үшін 2017 ж. 31 желтоқсанына дейін «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ жалгерлігінде.

Анықтама ретінде: 2017 ж. 31 желтоқсанына дейін жалға беру үшін үшін «БД» АҚ 200 млн. теңге түсті.

 

 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына кредит беру

2016 ж. Ұлттық қордан «ҚТҮҚЖБ» АҚ салымшыларына кредит беру үшін 22 млрд. теңге бөлінді.

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен игеру жоспары 2016 жылы – 2,9 млрд. теңгені, 2017 жылы – 19,1 млрд. теңгені игеруді қарастырады, оның ішінде 2016 жыл қорытындылары бойынша 2,9 млрд. теңгеге кредиттеу шарттарына қол қойылды немесе жоспардың 100%.

Бүгінгі күні 9,1 млрд. теңгеге кредиттеу шарттарына қол қойылды, қалған сомалар жоспар бойынша 2017 жылдың соңына дейін игеріледі.

 

 

«ҚИК» АҚ арқылы ипотека қарыздарын субсидиялау

«Халықтың ипотекалақ қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағыты бойынша қаржылық оператор 10 жыл ішінде кредиттеу мөлшерлемесінің жылдық 7% дейін субсидиялайтын «ҚИК» АҚ белгіледі.

Субсидиялау тек субсидиялау туралы шешім қабылдау кезіне қатысты әрекет ететін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінен 5% аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша ЕДБ берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ғана іске асырылады (бүгінгі күні 10,25% + 5%).

Субсидиялаудан кейін соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10% құрауы тиіс. Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі төмендеуі жағдайында, субсидия мөлшері қайта берілетін қарыздар бойынша қысқаратын болады.

Бұл ретте, қарыз алушының бастапқы нарықта сатып алынатын тұрғын үй құнының 30% кем емес бастапқы жарнасы болуы тиіс. Субсидиялауға Астана және Алматы қалаларындағы 20 млн. теңгеге дейінгі, қалған аймақтардағы 15 млн. теңгеге дейінгі ипотекалық қарыздар жатады. Бұл ретте «ҚИК» АҚ субсидиялау алу кезінде ЕДБ қандай да бір комиссиялар алмайды.

2017 жылға Республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге бөлінді, олар ЕДБ ипотекасын 120 млрд. теңгеге немесе 8 мың қарызға субсидиялауға мүмкіндік береді.

Анықтама ретінде:

2017 жылға арналған ЕДБ субсидияланатын ипотеканы беру болжамы 15 млрд. теңге сомаға 1 мың ипотека қарызын құрайды. Сәйкес түзетулер Нұрлы жер бағдарламасына енгізілуде.

 

Қазіргі таңда «БанкЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ және «Банк ВТБ» АҚ Бағдарламаға қосылды және субсидияланған ипотекалық қарыздарды алуға өтінімдерді қабылдауда.

Жақын уақытта «Нұрбанк» АҚ және «Bank RBK» АҚ қосылады.

Сондай-ақ ҚТҮҚЖБ Бағдарламасының аясында жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағыты бойынша қарыздарды субсидиялауға өтінімдер қабылдануда.

Бағдарламаны қосу кезінен бастап ҚИК 16 аймақтан (Алматы, Астана, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Ақтау, Атырау, Семей, Тараз, Талдықорған, Қарағанды, Қызылорда, Жезқазған, Алматы обл.) 3,8 млрд. теңге сомаға 381 өтінім келіп түсті, оның ішінде 3,2 млрд. теңгеге 327 өтінім мақұлданды.

Тағы 3 ЕДБ (Tengri Bank, Цеснабанк және KASSA NOVA BANK) Бағдарламаға қатысуын растады, олардың қосылуы 2017 жылдың 2 жартысында күтілуде. Сонымен бірге, елдегі ипотекалық кредиттеудің дамуының негізгі проблемасы ЕДБ ұзақ мерзімді қорландырудың жоқтығы болып табылады.

Анықтама ретінде: Субсидиялануы бар ипотеканы қалай алуға болады?

1 қадам. Жеке тұлға ЕДБ бастапқы тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық қарыз алу үшін құжаттарды және субсидия алуға өтінішті ұсынады.

2 қадам. ЕДБ ішкі құжаттармен белгіленген шараға сәйкес төлем қабілетін бағалайды және кепілді қамсыздандыруды бағалайды.

3 қадам. Ипотекалық қарыз ұсыну туралы оң шешім қабылдау жағдайында, банк 3 жұмыс күнінің ішінде «ҚИК» АҚ-на субсидия ұсыну туралы өтінішхат жолдайды.

4 қадам. «ҚИК» АҚ 5 жұмыс күнінің ішінде құжаттарды Бағдарлама талаптарына сәйкестікке тексереді және субсидиялау туралы шешім қабылдайды.

5 қадам. ЕДБ қабылданған шешім негізінде қарыз алушымен банктік қарыз шартын, төлемдер кестесін, ипотека шартын жасайды.

 

 

 

Құрылыс салушылар кредиттерін «Даму» АҚ арқылы субсидиялау

«Құрылыс салушылар кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағыты бойынша қаржы операторымен 3 жыл ішінде сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 7% субсидиялайтын «Даму» АҚ белгіленді.

Субсидиялау тек субсидиялау туралы шешім қабылдау кезіне қатысты әрекет ететін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінен 5% аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша ЕДБ берілген қарыздар бойынша ғана іске асырылады (бүгінгі күні 10,25% + 5%).

2017 жылға Республикалық бюджеттен 10,7 млрд. теңге бөлінді, олар құрылыс салушылардың кредиттерін 152 млрд. теңгеге субсидиялауға мүмкіндік береді. Осы қаражат есебінен 2018 – 2019 жж. шамамен 600 мың м2 тұрғын үй тапсырылады.

Бұл ретте Бағдарламаға сәйкес, салынған тұрғын үйдің 50% дейін ҚТҮҚЖБ салымшыларына тіркелген бағамен, Астана және Алматы қалаларында 260 мың теңгеге дейін, аймақтарда – 220 мың теңгеге дейін ұсынылады.

Бүгінгі күні АҮК Астана, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қостанай қалаларында 19,2 млрд. теңге кредит сомасымен 7 құрылыс жобасын субсидиялауға шешім қабылдады, олардың ішінде 2 жоба бойынша субсидиялау шарттарына қол қойылды («Соллерс» ЖШС 9 қабатты тұрғын үй, 3.7 мың м2 Сбербанк арқылы және "Алтын Шар West" ЖШС тұрғын үй кешені 60.0 мың м2 "Еуразиялық банк" АҚ арқылы).

Тағы 5 ЕДБ (БанкЦентрКредит, Халық банк, Нұрбанк, АТФ Банк, Казкоммерцбанк) Бағдарламаға қатысуын растады. Жалпы ЕДБ қарастыруында қосымша шамамен 25 млрд. теңге кредиттелетін қарыздар сомасымен құрылыс компанияларының жобалары бар. Бұл ретте жеке құрылыс салушыларды кредиттеуді дамытудың негізгі проблемасы ЕДБ ұзақ мерзімді қорландырудың жоқтығы болып табылады.

Анықтама ретінде: Жеке құрылыс салушы субсидиялануы бар кредитті қалай ала алады?

1 қадам. Заңды тұлға ЕДБ тұрғын үй құрылысына кредит алу үшін құжаттарды және субсидия алуға өтінішті ұсынады.

2 қадам. ЕДБ ішкі құжаттармен белгіленген шараға сәйкес төлем қабілетін бағалайды және кепілді қамсыздандыруды бағалайды.

3 қадам. ЕДБ кредит ұсыну туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, ҚТҮҚЖБ, жеке құрылыс салушы, Банк ынмытақтастық туралы алдын ала үш жақты келісім жасайды, онда 1 ш.м. құны мен салымшылар саны белгіленеді.

Бұл ретте, жеке құрылыс салушы салынған тұрғын үйдің 50% кем емес көлемін ҚТҮҚЖБ салымшыларына ұсынуға міндетті, мұндағы Алматы, Астана қалаларындағы 1 ш.м. сату бағасы –260 мың теңгеге дейін, қалған аймақтарда – 220 мың теңгеге дейін.

4 қадам. Заңды тұлға әкімдік жанындағы Аймақтық үйлестіру кеңесіне судсидиялау алу туралы өтінішпен жүгінеді.

5 қадам. Аймақтық үйлестіру кеңесі Бағдарлама талаптарына сәйкестікке құжаттарды тексереді және субсидиялау туралы шешім қабылдайды.

6 қадам. ЕДБ қабылданған шешім негізінде қарыз алушымен және «Даму» АҚ-мен банк қарызы шартын және субсидиялау шартын жасайды.

Бағдарламаны iске асыру

Бағдарламаны iске асыру

2017 жылдың 9 айы бойынша «Нұрлы зир» бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы ақпарат

2017 жылдың 9 айы бойынша «Нұрлы зир» бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы ақпарат

2017 жылдың 9 айында «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырудың қорытындылары

2017 жылдың 9 айында «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырудың қорытындылары