Досаев Ерболат Аскарбекович

Досаев Ерболат Асқарбекұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген. 

1997 - 1998 жылдар аралығында – «Банк ТұранӘлем» ЖАҚ Басқармасы төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқармасының төрағасы.

1998 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2000 - 2001 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 

2001 - 2003 жылдар аралығында  – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы. 

2003 - 2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Еуропалық қайта құру және Даму банкінің Қазақстандағы басқарушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Басқарма мүшесі. 

2004 - 2006 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі. 

2006 - 2012 жылдар аралығында – «ҚазИнвестБанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2012 жылдың қаңтары мен 2013 жылдың қаңтарына дейін – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.

2013 жылдың 16 қаңтарынан – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 880 жарлығымен Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2015 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің № 5 жарлығымен Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.

2016 жылғы 12 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы болып тағайындалды.

2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және жаңа технологиялар министрдің міндетін атқарушы Т. Тоқтабаевтың «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 824 бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды. 

Қазақстан Республикасының азаматы.