Сулейменов Тимур Муратович

Сүлейменов Тимур Мұратұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде ҚазКСР-да дүниеге келген. Павлодар Мемлекеттік университетін менеджмент мамандығы бойынша, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген, «Қаржы» мамандануымен бизнес магистрі, Ұлыбританияның алқалы есепшілер мен аудиторлар қауымдастығының сертификаттауынан өткен.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Эрнст энд Янг Қазақстан» аудиторлық компаниясында бас кеңесші қызметінен бастаған, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салықтық есеп және салықтық жоспарлау департаментінің директоры болып қызмет еткен.

2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-Министрі қызметін атқарған. 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда Вице-Министрі болған. 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министрі) болды. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 

2017 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрі Ж. Қасымбектің «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 49 Бұйрығымен Директорлар кеңесі құрамына сайланды.