Жыл соңына дейін көп балалы отбасыларға 6 мың жеңілдетілген қарыздар беріледі

30.07.2019

1

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жоспарланған барлық индиакаторларға қол жеткізді.

 

Несиелік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетігі арқылы жылдық жоспар бойынша 108,8 млрд теңге 75,7 млрд теңгеге облигациялар сатып алынды. Қалған 33,1 млрд теңгеге облигациялар әкімдіктердің тиісті бұйрықтарды шығаруына қарай екінші жарты жылдықта сатып алынатын болады.

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бағыты бойынша бүгінгі күні тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халыққа 280,7 млрд.теңге сомасына 26,4 мың жеңілдікті қарыз берді, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында - 38,4 млрд. теңге сомасына 4,2 мың қарыз берді.

 

Ағымдағы жылдың шілдесінен бастап көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін жылдық 2%-бен жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы іске асырылуда («Бақытты отбасы»). Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 12 млрд.теңге сомаға 1 129 өтінім келіп түсті, оның ішінде 1,8 млрд. теңге сомаға 159 өтінім мақұлданды. Осы бағыт бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы сомасы 50 млрд теңге болатын 6 мың қарыз беріледі. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы әкімдіктер 12 мыңнан астам несиелік пәтер салатын болады.

 

Үлестік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша кепілдік беру қоры жалпы жоспар 90,3 млрд теңге болғанына қарамастан 96 млрд теңгелік жобаларын мақұлдады. Бұл халықтың коммерциялық нарықта 6,5 мың пәтер алуға салымдарын қорғауға мүмкіндік берді. Екінші жарты жылдықта Қор жобалар портфелін қосымша 30 млрд теңгеге ұлғайту жоспарлап отыр.

 

Жеке құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау бағыты бойынша жүзеге асырылғаннан бері (2017 жылдың маусымынан бастап) «Даму» Қоры 66 млрд.теңге сомаға жобаларды субсидиялауға қол қойды. Жеке құрылыс компаниялары салған тұрғын үйлердің 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға және коммерциялық банктерге белгіленген бағамен сатылуда.