Строительство ветровой электростанции

10.01.2019

Изображение 1

«Казына Капитал Менеджмент» («Байтерек» холдингінің еншілес компаниясы) құрылымына енетін DBK Equity Fund және Baiterek Venture Fund қорлары Ақмола облысындағы жел электр станциясының құрылысы жобасына 3,6 млрд теңге инвестициялады. Бұл қорлармен қоса Холдингтің құрылымына кіретін тағы екі компания – Қазақстанның даму банкі және «БРК-Лизинг» жобаға қаражат бөлді.     

Бірлесіп қаржыландыру туралы келісімге DBK Equity Fund және Baiterek Venture Fund өткен жылы мамырда қол қойды. Бұл қадам туралы шешім жобаның инвестициялық тартымдылығын ескере отырып жасалған: өндірілетін қуаттың тұрақты тариф бойынша 100% өткізілуі туралы келісімшарт, жобаның жоғары деңгейде пысықталғаны, жабдықтарды жеткізу – толық техникалық сүйемелдеу жасайтын, саланың әлемдік көшбасшысы Vestas компаниясы. Қорлардың жобадағы жарғылық капитал үлесі 23,55% құрады.

Жалпы, Холдинг компанияларының жобаны жүзеге асыруы Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу бойынша стратегиясын орындауға септігін тигізуде. ЖЭС іске қосу жылыжайлық газдың ауаға шығарылуын жылына 230 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, ол 113 мың автокөліктер шығаратын улы газдың көлемінен асады. Құрылысы аяқталған соң станция жаңартылған қуат көздерінің есебінен 10 мыңнан астам отбасының қажеттілігін қамтамасыз ете алады, осылайша жерден қазылып табылатын отынды пайдалану көлемін қысқартуға мүмкіндік туады.      

Қуаттылығы 50 МВт құрайтын бірінші іске қосу кешенінің жалпы құны 45,1 млрд теңгені құрады. Құрылыстың аяқталуы 2019-шы жылдың екінші тоқсанында болады деп күтілуде. 

Аталмыш жоба «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары тарапынан жобаларды жүзеге асырудың кешендік әдісі және синергия үлгісі болып табылады. Оған  төрт бірлесіп қаржыландырушы ұйымдар қатысады, олардың әрқайсысы өзінің ерекше қолдау құралдары жиынтығын ұсынады, солардың арқасында жобаны іске асыру мүмкін болып отыр, - деп атап өтті «Казына Капитал Менеджмент» АҚ басқарма төрағасы Ардақ Қасымбек.

DBK Equity Fund – 2017-ші жылы құрылған, бастапқы каптализациясы 33,5 млрд теңгені құраған қазақстандық тікелей инвестициялар қоры. Қор инвесторлары «Қазақстан даму банкі» АҚ және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ.

«Baiterek Venture Fund» АҚ 2014-ші жылы құрылған, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің компаниялар тобына кіреді және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ 100%-дық еншілес ұйымы болып табылады. Оның мақсаты – Қазақстан экономикасының басым салаларында қызмет ететін отандық компанияларға қаржылық қолдау құралдарын ұсыну. Қор орта және ірі бизнестердің жобаларына бастапқы іске қосу, даму және жетілу кезеңдерінде үлескерлік және қарыздық қаржыландыру ұсыну арқылы инвестициялар іздестіруді жүзеге асырады.