Успешный год в строительстве жилья

17.01.2019

Успешный год в строительстве жилья

Бүгін ҚР үкіметінің баспасөз алаңында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев және  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ыбраһымова қолжетімділікті арттыру мен баспананың сапасын күшейту бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы айтты.

 

Қ. Өскенбаев 2018 жылдың тұрғын үй құрылысы бойынша сәтті болғанын, 12.5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда деңгейі 12.1 % көтеріліп, 113 мың отбасының баспана мәселесі жақсарғанын айтты. Тұрғын үй құрылысына барлығы 1.2 трлн теңге құйылған, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8.1 % ға жоғары. Қаржының басым бөлігі (86%) баспана салушы мен тұрғындардан жиналған. Мемлекет қаражатының 1 теңгесіне жеке инвесторлардан 6 теңге  тартылған.

Вице-министр «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы  бойынша  қайтару механизмімен тұрғын үй құрылысын қаржыландыру бағдарламасы қарастырылып жатқанын еске салды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін құйылған ақшаның әркез еліміздің тұрғын үй құрылысына  қайтарымды негізде қаржыландырылатынын білдіреді. «Нұрлы жер»  бағдарламасы аясында жалдамалы және несиелі баспананы қаржыландыру қарастырылған. «Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша жыл сайын 25 млрд теңгеге дейін бөлініп келді, 2019 жылдан бастап қаржыландыру 35 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

«Несиелік тұрғын үй» жобасы бағытын әкімдіктер қаржыландырады. Елімізде айналымда жыл сайын баспана құрылысында 200 млрд теңге көлемінде қаражат болады. Аталмыш бағыт аясында тұрғын үй құрылысы тек ұлғаяды.

«Нұрлы жер» бағдарламасының тағы бір бағыты – «Тұрғын үй құрылысын жеке құрылысшылар арқылы ынталандыру» шеңберінде  — «Даму» қоры арқылы тұрғын үй құрылысы үшін құрлыс компанияларына несиелерді субсидиялау қарастырылған. Сыйақы мөлшерлемесінің 7% субсидияланады. Банктермен 152 млрд теңге көлемінде қарыздар берілді.

– «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы мен «Нұрлы жер» бағдарламасы бірін-бірі тамаша толықтырады. Егер «7-20-25» адамдарға баспана алу үшін қаражаттың қолжетімді болуына мүмкіндік берсе, «Нұрлы жер» біздің тұрғындарға қолжетімді бағдарламамен пәтер алуға көмектеседі, - дейді Қ. Өскенбаев.

Өз кезегінде, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Ыбраһымова өткен жылы 38 250 қазақстандық отбасы баспанамен қаматамасыз етілді, жәнеде әрбір төртінші қарыз «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілген. 

– Үш жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша біз 100 млрд теңгеге жуық қаражат бөліп, баспанамен қамтамасыз еттік. 2018 жыл рекордты болды – біздің салымшылар мен кезекте тұрғандарымыз 8659 пәтер алды. Қазір біздің портфельде 1,2 миллионнан астам ашық депозиттер бар, оның 150 мыңнан астам салымшылары жергілікті атқару органдарының пәтер кезегінде тұрғындар, - деп атап өтті Л. Ыбраһымова.    

Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің жетекшісі атап өткендей, «Нұрлы жер» бағдарламасы еліміздегі ең жеңілдетілген шарттар ұсынады. Біріншіден, ҚР азаматы немесе оралман болу керек, екіншіден, соңғы 5 жылда салымшыда баспана болмауы тиіс. 

– Банк тек баспанасы жоқтарды ғана қамтамасыз ете алады. Бұл адамдар бізге әкімдіктерден келеді, төлеу қабілеттілігін бағалаудан өтіп, 20% бастапқы жарнасы бар шартпен қарыз алып, аталмыш несиенің мөлшерлемесі 5% болады. Бағдарлама шарты бойынша, өткізілетін баспананың 1 шаршы метр құны тұрақты және Астана, Алматы, Атырау және Ақтауда 180 000 теңгені құрайды. Ал басқа өңірлерде бағасы 140 000 теңгеден аспайды, - деп мәлімдеді ол.

2019-шы жылы Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өз салымшыларын 59,7 млрд теңгеге несиелендіруді жоспарлап отыр. ТҮҚЖБ клиенттері үшін мемлекеттік бағдарлама шеңберінде баспана еліміздің барлық өңірлерінде сатылатын болады. Биылғы жылы, аймақтық әкімдіктердің мәліметтері бойынша, тағы 14 220 пәтер қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.   

Сонымен қатар Л. Ыбраһымова 2018 жылы Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі заңнама өзгерген соң баспана алу үшін әскери қызметкерлер үшін 70 мың арнайы шоттар ашқан. Бұл шоттағы қаражат жұмсалмайды және әскерилердің қарыздары үшін тыйым салынбайды, мысалы қандай да бір несиені өтемегені үшін. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арнайы түрде құрған askeri.baspana.kz сайты арқылы 13 мың өтініш келіп түскен. Оның ішінде 5,5 мыңы бойынша несиелер құпталып, құжаттарға қол қойылды. Қазіргі таңда үміткерлер сатып алатын пәтер іздестіруде.

К.Ускенбаев