Развитие региональной авиации

10.01.2019

Развитие региональной авиации

«Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіретін «БРК-Лизинг» АҚ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі және Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп өңірлік және санитарлық-медициналық авиатасымалдауларға арналған әуе кемелерінің паркін жаңарту бойынша жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Жобаны жүзеге асыру аясында «БРК-Лизинг» АҚ «Жетісу» авиакомпаниясы үшін  Aircraft Industries (Чехия) шығаратын L-410  моделді екі ұшақты сатып алуды қаржыландырды. Қазіргі таңда ұшақтар Талдықорған қаласының әуежайына жеткізілген.

Өңірлік авиацияның дамуы авиациялық қызмет нарығын кеңейтіп, шағын авиациялық техниканың қолданысына арналған инфрақұрылымды сақтап қалуға және дамытуға, экономика салаларының, оның ішінде медико-санитарлық, туристік және басқа да қызмет түрлерін көрсетуде қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын шоғырланған ірі орталықтарға жеткізу және шұғыл қажеттіліктерді шешуді қамтамасыз етеді.  

Қазіргі таңда L-410 моделі елуден астам мемлекеттердің аумағында  сәтті түрде қолданыстан өткен. Көбінесе ол ТМД елдерінің аумағында танымал. L-410 19 жолаушыны немесе арнайы жүкті тасымалдауға арналған.

Пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін бұл санаттағы ұшақтарға аз шығындар қажет. Бұл ретте ұшақтар Қазақстанға тән күрт құбылмалы ауа райында экстремалды температура кезінде қатты және топырақты жабыны бар ұшу-қону жолақтарына қона алады.

L-410