Кәсіпорындарға шет елде өнімдерін алға жылжытуға жұмсаған қаражаттары қайтарылады

02.05.2019

1

«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен өнімдерін шетелде жылжытумен байланысты шығындарының бір бөлігін қайтарып алуға өтінімдер қабылдауды бастады.

 

Шығындардың бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне отандық өңделген тауарлардың белгілі бір тізімі негізінде беріледі. Бұл ретте тауарларды шетелде жарнамалау; шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға қатысу; шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеу, шет тілдеріне аудару және басып шығару; Шетелдегі өкілдікті, сауда алаңы мен қойманы ұстау және басқалар сияқты шығындар қарастырылады.

 

Өтініштерді қабылдау 2019 жылдың 29-шы сәуірінен 1-ші қарашасына дейін қабылданады. Барлық қажетті ақпаратты, оның ішінде қайта өтеу туралы мәліметтерді төмендегі файлдар бойынша табуға болады:

 

Таныстыру.pdf

 

Ереже.docx

 

Құжаттар тізімі.docx

 

Тауарлар тізімі.docx

 

Байланыс нөмірлері.docx