Поддержка предпринимательства: итоги 2018 года

14.01.2019

Фонд развития предпринимательства «Даму»

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры  («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 2018 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов атап өткендей, Қор бағдарламалары бойынша 2018 жылы қолдау көрген жобалардың жалпы сомасы 473,3 млрд теңгені құрады – ол 21 181 жоба. Екінші деңгейлі банктер желісі бойынша жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы арқылы жалпы сомасы 248,5 млрд тегені құраған 17690 жоба қолдау көрді.  

«Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаған жобалар саны 1432 жетті, несиелер сомасы 173,2 млрд теңгені құрады. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 41 жобаның субсидиялануы, БҰҰ дамуы бағдарламасы бойынша – 68 жоба құпталды.

Бұған қоса, несиелерді гранттау құралы бойынша жобалар саны 48% артты. 2018 жылы «Даму» қоры 65 млрд теңге сомасында кәсіпкерлердің несиелері бойынша 1950 кепілдеме ұсынды. 

Шара барысында қорытынды нәтижелердің оң динамикасына әсер еткен негізгі факторлар белгіленді.

Біріншіден, мемлекеттік қолдау шарттары талаптарының жақсартылуы. Несиелер бойынша құбылмалы мөлшерлеремесінің енгізілуі, жобаларды қарастыру мерзімінің қысқартылуы, шағын жобалардың несиелеріне субсидия және кепілдеме беру бойынша қорытынды шешімді енді «Даму» қоры аймақтық үйлестуры кеңесінің қатысуынсыз қабылдай береді. Несиелендіру процедурасын және талап етілетін құжаттар пакетін оңтайландыру жүзеге асырылды, сондай-ақ мемлекетті қолдау құралдарын ұсынатын шарттарды қарапайымдататын басқа да толықтырулар енгізілді; 

Екіншіден, кадрлық әлеуетті басқару және дамыту жүйелерін жетілдіру мүмкіндіктері жүзеге асырылды. Шағын қаржылық ұйымдарды тікелей қаржыландыру арқылы микробизнесті қолдау мақсатында Қордың ұйымдастыру құрылымы қайта қарастырылды – жаңа құрылымдық бөлімше құрылды;

Үшіншіден, қазақстандық бизнестің сыртқы нарыққа шығуы үшін, қазақстандық инвестициялардың, тауарлар мен қызметтердің ықпал ету аясын кеңейту үшін қосымша мүмкіндік ашатын шет елдерде сәтті жүзеге асырылып жатқан ШОБ қолдаудың жаңа құралдарын енгізу бойынша жұмыстар атқарылды;

Төртіншіден, қажетті қаржыландыру көлемін жұмылдыру арқылы негізгі бизнесті тұрақты дамыту қамтамасыз етілді;

Жәнеде, бесіншіден, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін қаржылық құралдар автоматтандырылды.