ҚДБ Қазақстандағы ірі құс өсіру жобасына септігін тигізді

02.05.2018

chickens

Міндет

Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарынан құс етіне жалпы сұраныс жылына 82 мың тоннаны құрайды. Тек қазақстандық құс фабрикалары 22 000 тонна өндіреді, бұл ішкі өсу үшін үлкен мүмкіндік береді.

Қазақстан Даму Банкі қалай көмектесті

ҚДБ «Макинка құс фабрикасы» ЖШС үшін кредиттік желі ашты. Кредит Ақмола облысының Бұланды ауданында құс фабрикасының бірінші кезеңін салуға мүмкіндік берді.

Жобаның бірінші кезеңінің жалпы сомасы 100 миллион доллардан асады. ҚДБ қаржының жарты сомасын 10 жылға қамтамасыз етті.

ҚДБ-дан қолжетімді қаражат отандық азық-түлік өнімінің өсуіне, импортталатын тағамға тәуелділікті азайтуға алып келеді.

Нәтижелер

Макинка құс фабрикасы – бұл, өңірді мұздатылған бройлер етімен қамтамасыз ететін заманауи фабрика.

Қазақстан үшін бұл жаңа өнім, бірақ мұздатылған ет барлық әлемде пайдаланылады және тұтынылады. Жоба құс етін Астана қаласына үнемі жеткізуді ғана қамтамасыз етпейді, ол заманауи энергия тиімді жабдықпен жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы Қазақстанда құс өсірудің экспорттық әлеуетін артырады.