Қазақстан мен Сингапур бірлескен венчурлік қор құрды

04.03.2020

1

«Бәйтерек» холдингі Қазақстанның стартап жобаларын дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында сингапурлық бизнеспен ынтымақтастықты кеңейтуде.

 

Нұр-Сұлтан қаласында Холдингтің еншілес ұйымы – «QazTech Ventures» АҚ-ның сингапурлық «Quest Ventures Asia Fund II» (QVAF II) венчурлік қорына қатысуды көздейтін, жалпы мөлшері 50 млн. АҚШ долларына тиісті келісім жасалды. Капиталы 10 млн. АҚШ доллары QazTech Ventures қорға «зәкірлік» инвестор ретінде кіреді. Келісім талаптарына сәйкес, бірлесе құрған қор алдағы үш жылда Қазақстан мен Орта Азияның келешегі бар стартап жобаларын қарастырып, қаржыландырады.    

 

Сингапурлық Темаѕек жетекші қаржылық даму институтының еншілес құрылымы Pavilion Capital құрылған қордың зәкірлік инвесторларының бірі болып табылады. Pavilion Capital – бұл АҚШ пен Азиядағы қарқынды дамып келе жатқан жобаларға стратегиялық қолдау көрсететін тікелей және венчурлік инвестициялар компаниясы. Қазақстан тарихында алғаш рет «Temasek» қазақстандық жобаларға инвестиция салмақшы.

 

Сондай-ақ, осы келісім аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігімен бірге «Kazakhstan Digital Accelerator» атты стартап жобаларға үш жылдық акселерациялық бағдарлама жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама Қазақстандағы стартап жобалар мен цифрлық экожүйені дамытуға және ілгерілетуге ықпал ететін болады. Акселерациялық бағдарламаның арқасында стартап жобалар жетекші халықаралық сарапшылардан білім ала алады, өнімді нақты жағдайларда сынақтан өткізеді және инвестициялар тарта алады, бұл өз кезегінде жергілікті және шетелдік нарықтарда жобаны дамытуға және ауқымын кеңейтуге ықпал етеді.

 

Сингапурлық «Quest Ventures» қоры QazTech Ventures компаниясымен бірге стартап жобаларды іріктеуге қатысады, воркшоптар, консультациялар, жеке кездесулер өткізеді және нетворкингті жолға қоюға жәрдемдеседі. QVAF II өкілдері атап өткендей, Quest Ventures қорының әрбір менторы тәжірибелі кәсіпкер болып табылады.

 

- Сингапурлық жетекші қормен ынтымақтастық және бірлескен акселерациялық бағдарламаны ашу елдің венчурлік экожүйесін құрудағы және отандық стартаптарды жаһандық нарыққа шығарудағы маңызды қадам болып табылады. Бүгінгі таңда, Оңтүстік-Шығыс Азияның венчурлық нарығы жоғары әлеуетке ие және қарқынды жылдамдықпен дамып келеді. Жақын арада осы Қор қаржыландырған жобалар Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де, атап айтқанда Оңтүстік-Шығыс Азияда да бәсекеге қабілетті болатынына сенеміз, - деп, атап өтті «QazTech Ventures» АҚ Директор кеңесінің төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Әділ Нұрғожин.

 

QazTech Ventures өз қызметі аясында қазақстандық стартап жобаларды қаржыландыру үшін шетелдік венчурлік қорларды тартуды жалғастыруда екенін атап өткен жөн. 2019 жылдың желтоқсанында QazTech Ventures ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен 500 Startups (АҚШ) V Жаһандық қорына қатысу туралы шартқа қол қойды.

 

Анықтама ретінде:

 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Озық корпоративтік басқару стандарттарына сәйкес келетін және әртараптандыру, жаңашылдықты қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен Қазақстан экономикасын тұрақты дамыту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің басты институты. Холдингтің құрамына «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

 

«QazTech Ventures» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына енетін, венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған даму институты.

 

Quest Ventures - 2011 жылы құрылған, Сингапурда штаб-пәтері бар, Оңтүстік-Шығыс Азияның, Қытайдың және Силикон алқабының маңызды технологиялық орталықтарында өкілдіктері бар жетекші азиялық басқарушы компаниялардың бірі. Quest Ventures инвестицияларының негізгі нысанасы цифрлық коммерция болып табылады. Инвестициялар географиясы бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша таралады. Компанияның инвестициялық нысанасы: егіс алдындағы, егіс кезіндегі, сондай-ақ А және В раундындағы технологиялық жобалар.