Қарағандыда көмір байыту фабрикасы салынады

09.07.2020

Қарағандыда көмір байыту фабрикасы салынады

"Бәйтерек "ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Қарағандыда көмір байыту фабрикасын салу және қолданыстағы құю өндірісін жаңғырту үшін 7 жыл мерзімге 9 млрд 24 млн теңге сомасында "Qaz Carbon" ЖШС несие желісін ашты.

 

Жобаның жалпы құны 12 млрд теңгені құрайды, бұл ретте 3 млрд теңге өз қаражаты, оның ішінде шетелдік инвестицияларда. ҚДБ "Qaz Carbon" ЖШС 2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қарыз қаражатын ұсынады.

 

Құрылыс жоспары туралы ҚДБ кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында "Qaz Carbon" ЖШС акционерлері Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов қатысты.

 

Банк ұсынған қаржыландыру жаңа байыту фабрикасының құрылыс-монтаж жұмыстарына, жабдықтарды сатып алуға, жеткізуге және монтаждауға бағытталатын болады.

 

Байыту фабрикасын іске қосу 2021 жылға жоспарланған. Шығарылатын өнім көмір концентраты болады, оның негізгі тұтынушысы "YDD Corporation" ЖШС Қарағанды ферроқорытпа зауыты болады. Сондай-ақ, өнімнің бір бөлігін экспортқа жіберу жоспарланып отыр, қалған өнім кәсіпорынның өз қажеттіліктері үшін шикізат ретінде пайдаланылады.

 

Автоматика мен электрониканың жаңа технологияларының арқасында байытудың бүкіл процесін өндірісті басқару орталығынан оператор бақылайды.

 

- Көмірді байыту үшін "дымқыл байыту" технологиясы қолданылатын болады. Көмірді байытудың бұл технологиясы пайдалы қазбаларды шикізаттың жалпы тау-кен массасынан барынша алуға мүмкіндік береді. Байытудың барлық рәсімі химиялық реагенттерді қолданбастан жабық циклде өтеді, бұл қоршаған ортаға әсердің тазалығына әкеледі және жалпы жобаның экологиялылығын едәуір арттырады. Байыту фабрикасындағы өндірістік процестерді автоматтандырудың жоғары деңгейі өндіріс технологиясының сақталуын және дайын өнімнің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Фабриканың қуаттылығы сағатына 300 тонна немесе жылына 1 800 000 тонна болады, - деді Ерлан Нығматулин журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Зауыт макеті

Болашақ зауыт үшін көмір концентратын өндіруге қажетті шикізат Қарағанды өңірінің көмірі болып табылады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, сондай-ақ ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап байыту фабрикасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

 

- Біз бүгін Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың жеткілікті тәжірибесіне ие болдық. Сондықтан, таяу және алыс шетел нарығының қажеттілігін, сондай-ақ ішкі нарықты зерттей отырып, біз жаңа жобаларды іске асыруға кірістік. Біз іс жүзінде Қазақстанның бірегей инвестициялық климаты ғана емес, қосылған құны жоғары өнім жасау үшін үлкен шикізат базасы бар екеніне көз жеткіздік, - деп атап өтті Давид Кемертелидзе.

 

Айта кетейік, ҚДБ қоржынында тау-кен металлургия өнеркәсібі 31% - ды құрайды және бұл сала жақсы әлеуметтік-экономикалық әсерге ие,бұл жұмыс орындарын құру және салық аударымдары. Бұл ретте, Банк тұрақты даму қағидаттарын ұстана отырып, аймақтың тұрақты дамуына жауапты акционерлердің көмір қалдықтарын қайта өңдеу үшін бірегей Жабдықты пайдалануға ұмтылысын қолдайды, бұл өндірістің экологияға әсерін төмендетуге мүмкіндік береді және өңірдің экологиялық жағдайына жағымды әсер етеді. Жоба сондай-ақ "қоршаған ортаға әсерді бағалауға" мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтті.

 

– Аталған жобаны жүзеге асыру Мемлекет басшысының тікелей тапсырмаларын орындауға ықпал етеді-бұл инвестиция тарту, өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру, жобаны жүзеге асыру кезінде 110-ға жуық тұрақты жұмыс орнын құру және құрылыс кезеңінде 500-ден астам адам тартылатын болады. Сондай - ақ, фабриканың өз өнімдерін экспорттау мүмкіндігі де маңызды, бұл еліміздің экспорттық әлеуетін дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Абай Сарқұлов.

 

Қаржыландырудың екінші бөлігі қолданыстағы құю өндірісін жаңғырту үшін пайдаланылатын болады. Жоба болат және шойын өнімдерін шығару бойынша қолданыстағы қуаттарды ұлғайтуға бағытталған. Айта кету керек, 2018 жылы жаңа инвесторлардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың келуімен зауытты ауқымды жаңғырту басталды.

қолданыстағы құю өндірісін жаңғырту

Зауыт қызметінің негізгі түрлері шойын және болат өнімдерін өндіру, кокс және жартылай кокс өндіру болып табылады. Жалпы, кәсіпорын 900-ден астам болат және шойын өнімдерін шығарады. Жұмыс істеп тұрған зауыттың жылдық жобалық қуаты 120 мың тонна шойын және болат өнімдерін құрайды.

Өнеркәсіптік қазандарға арналған құю

Нәтижесінде, екі жыл ішінде зауытты жаңғырту бойынша белсенді жұмыс барысында инвесторлар 8 млрд. теңгеден астам жеке инвестиция салды. 1216 жұмыс орны құрылды. Орташа жалақы компанияда 245 мың теңгені  құрайды. 2019 жылы мемлекетке салық сомасы 2,1 млрд.теңге төленді.

 

"Qaz Carbon" ЖШС жаңа жобаларды іске асыру өңір экономикасын әртараптандыруға және соңғы буын технологиялар трансферті есебінен еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай серпін береді.