«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Арифхановтың ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзі (18.02.2020ж.)

19.02.2020

1

Құрметті әріптестер!

Бәйтерек холдингінің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2020 жылға арналған жоспарларын таныстыруға рұқсат етіңіздер.

 

Холдингтің басты бағыттары мен міндеттері

«Бәйтерек» холдингі экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту мақсатында 7 жыл бұрын құрылған.

Холдинг құрамына индустриалды-инновациялық даму, шикізаттық емес экспортты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және тұрғын үй-құрылыс секторындағы міндеттерді іске асыру саласындағы 11 компания кіреді.

Осы бағыттарды біріктіру Холдингтің әлемде теңдесі жоқ бірегей даму институтқа айналуына мүмкіндік берді.

 

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

2019 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша (қазіргі мәліметтерге сәйкес) 40 млрд теңгені құрады.

Холдингтің активтері 5,3 трлн. теңгені немесе жоспардың 101,8%-ын құрайды (2017 ж. факт - 4,4 трлн. теңге; 2018 ж. - 4,7 трлн. теңге), ал есепті кезеңдегі активтердегі кредиттік және инвестициялық портфельдің үлесі 76,1% құрады.

 

Бюджет қаражатын игеру

Жалпы 2016-2019 жылдары республикалық бюджеттен 683,0 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша 565,3 млрд. теңге немесе жоспардың 102,1%-ы игерілді.

Игеру кезеңі әлі аяқталмаған қаражат, жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

 

Ірі бизнесті қолдау

Бұдан әрі Холдингтің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша нәтижелер көрсетілген.

Бірінші бағыт - ірі бизнесті қолдау. Екінші деңгейдегі банктерде теңгемен ұзақ мерзімді қаржыландыру болмаған жағдайда, Қазақстан даму банкі әр 2-ші теңгені ұсына отырып, экономиканың шикізаттық емес секторына ұзақ мерзімді кредит берудің локомотиві болып табылады.

Холдинг экономиканың шикізаттық емес секторына ұзақ мерзімді кредит беру нарығының шамамен 50% иеленеді. Қазақстан даму банкі  портфеліне құны 6,3 трлн. теңгенің 55 инвестициялық жобасы және 15 экспорттық операциялары кіреді.

 

Шағын және орта бизнесті қолдау

Екінші стратегиялық бағыт – ШОБ қолдау.

2019 жылы «Даму» қоры 611,4 млрд теңгеге 24,2 мың жобаны қолдады (шартты түрде ЕДБ-ге қаражат бөлу тетіктері арқылы - 238,9 млрд.теңгеге 18,9 мың жоба, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және кредиттерді кепілдендіру - 372,5 млрд.теңгеге 5,3 мың жоба, соның ішінде субсидиялау бойынша: «БЖК-2020» МБ - 154,4 млрд.теңге сомаға 2 396 жоба, Механизм бойынша - 64,5 млрд.теңге сомасына 171 жоба, Нұрлы-Жер – 49,6 млрд. теңге сомасына 47 жоба, БҰҰДБ - 1,3 млрд. теңге сомасына 27 жоба. Кепілдік беру құралы бойынша: «БЖК-2020» МБ - 81,3 млрд.теңге кредит сомасына 1 813 жоба, «Еңбек» МБ бойынша - 7,8 млрд.теңге сомасындағы 657 жоба, Даму-Оптима - 13,6 млрд. теңге сомасына 203 жоба.).

Нәтижесінде, 2019 жылы ШОБ субъектілеріне берілген кредиттердің жалпы көлемінде (1 670 млрд. теңге) «Даму» қорының құралдары есебінен Холдингтің үлесі 36%-ды (594,8 млрд. теңге) құрады.

 

Экспорттық әлеуетті арттыру

Экспортты қолдау Холдингтің үшінші стратегиялық бағыты болып табылады.

2019 жылы экспорттаушыларға 97,1 млрд.теңге мөлшерінде сақтандыру қолдауы, 10,4 млрд.теңге көлемінде саудалық қаржыландыру және 11,8 млрд.теңге сомасында экспортқа дейінгі қаржыландыру жасалды.

2019 жылғы наурызда KazakhExport 34 млрд теңгеге капиталдандырылды (жарғылық капиталды ұлғайту «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында қарастырылған), сондай-ақ ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оның шеңберінде экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру тетігін енгізу көзделіп отыр. 2019 жылғы 27 желтоқсанда KazakhExport пен ҚР Қаржы министрлігі арасында 10 жылға 102 млрд.теңге сомасында экспорттық қолдау көрсету бойынша кепіл шартына қол қойылды.

Сонымен қатар, KazakhExport шетелде Ташкент, Душанбе, Новосибирск, Екатеринбург және Бішкек қалаларында өкілдер желісін ашты. (сондай-ақ, 2018 жылы KazakhExport компаниясының өкілдерді Қазан қ. (Ресей Федерациясы), Сиань қ. (ҚХР) тағайындалды. Бұл шаралар шикізаттық емес экспорт көлемінің одан әрі өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету

Төртінші бағыт – тұрғын үйдің қаржылық қол жетімділігін қамтамасыз ету. Холдинг Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының негізгі операторы болып табылады.

Осылайша ҚТҚЖБ 800 млрд теңгеден асатын сомасындағы халықтың ұзақ мерзімді теңгелік салымдары бойынша бірінші орынды алады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚТҚЖБ ипотекалық кредиттің шамамен 63%-ын немесе 527 млрд теңге берген.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге алынған тұрғын үй төлемдері есебінен ҚТҚЖБ-да ақша жинақтауға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер енгізілді. 67 мыңнан астам әскери қызметші жеке баспанамен қамтамасыз етіледі. 01.01.2020 ж. жағдай бойынша әскери қызметшілер жалпы түсімі 207,8 млрд.теңге болатын 98,3 мың арнайы шот ашты, 100 млрд. теңгеге 6 592 қарыз берілді.

2019 жылдың маусым айында дәрігерлер мен оқытушылар үшін «Сатып алу құқығымен жалдамалы баспана» бағдарламасы іске қосылды. ҚИК дәрігерлер мен оқытушыларды жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету шеңберінде 567 пәтерді (31,4 мың шаршы метр) сатып алуға шарттар жасалды. Сонымен қатар «Еуразиялық топ» ЖШС жұмыскерлеріне ҚИК-тің өз қаражаты есебінен 84 пәтер (5,2 мың ш.м.) сатып алынды.

2015-2019 жылдар аралығында ҚИК салған және сатып алған жалдамалы тұрғын үйдің жалпы көлемі 1,1 млн шаршы метрді (19 234 пәтер) құрады. «Сатып алу құқығымен жалдамалы баспана» бағдарламасын іске асыру кезеңінде 18,4 мың отбасы жалдамалы баспанамен қамтамасыз етілді.

Бәйтерек девелопмент кредиттік тұрғын үй құрылысын «қайтарымды» қағидат бойынша ЖАО облигацияларын сатып алу механизмі арқылы қаржыландырады.

2019 жылы 108,8 млрд теңгеге ЖАО бағалы қағаздары сатып алынды, 2019 жылға жоспар - 101,2 млрд. теңге.

2019 жылы тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры жеке құрылыс салушылардың 23 жобасына 88,8 млрд. теңгеге кепілдемелер берді. Кепілдендірілген жобалардың жалпы портфелі 154,8 млрд. теңгені құрады.

Коммерциялық кредиттердің құнын төмендету мақсатында «Даму» қоры жеке құрылыс салушылардың жобаларын 104,1 млрд теңгеге субсидиялады.

 

«Бақытты отбасы» көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға ипотекалық кредит беру бағдарламасы

«Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде Елбасының тапсырмасын орындау үшін, 4 немесе одан да көп баласы бар көпбалалы отбасын, мүгедек балалары бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасыларды, балалары бар толық емес отбасын қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болған «Бақытты отбасы» арнайы бағдарламасы әзірленді (ҚР ҮҚ-ға түзетулер 2019 жылғы 29 сәуірде енгізілді).

2019 жылға арналған жоспар - 50 млрд теңге, қаражатты «ҚТҚЖБ» АҚ-ға 2019 жылдың 22 шілдесінде түсті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚТҚЖБ 51,7 млрд теңгеге 5 196 өтініш қабылдады, 42,7 млрд теңгеге 4 223 қарыз берілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2020 - 2023 жж. берудің жылдық жоспары кем дегенде 10 мың өтінімді құрайды.

  • кредит бойынша мөлшерлеме - 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2%-бен
  • алғашқы жарна - тұрғын үй сертификатын пайдалану мүмкіндігімен 10%-дан бастап
  • қарыз сомасы - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 15 миллион теңгеге дейін, басқа өңірлерде 10 миллион теңгеге дейін;
  • бастапқы және қайталама нарықтардан тұрғын үй сатып алу;

Мысалы, пәтердің құны 8 млн. теңге, алғашқы төлем 10% немесе 800 мың теңге, қарыз мерзімі 19 жыл болса, ай сайынғы төлемдер көлемі алғашқы 8 жылда - 42,1 мың теңге, қалған 11 жыл - 27, 4 мың теңге.

 

2018 жылдың қорытындылары және 2019 жылға арналған жоспар

2020 жылдың соңына дейін Холдингтің алдында мынадай міндеттер тұр:

  • ірі бизнес жобаларын 430,9 млрд. теңге сомаға қаржыландыру, сондай-ақ құны 573 млрд. теңге болатын 11 жобаны іске қосу.
  • 15,4 мың теңге ШОБ жобаларын қолдау (оның ішінде шартты орналастыру бағдарламалары бойынша – 11,983 мың теңге, субсидиялау және кепілдік беру бойынша – 3,403 мың теңге).
  • Экспорттаушыларға 125 млрд теңге мөлшерінде қолдау көрсету (қабылданған міндеттемелер көлемі). Сонымен қатар, 2020 жылы Мәскеу, Үрімші және Минск қалаларында өкілдіктердің кеңсесін ашу жоспарланып отыр. 

2020 жылы заңнамаға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бөлігінде өзгерістер енгізу, сондай-ақ заңнамаға/нормативтік-құқықтық базаға ҚР ҰБ реттеуінен шығу бойынша өзгерістерді әзірлеу жоспарланып отыр.  

  • 2020 жылы 420 млрд. теңгеге тұрғын үй қарыздарын беру, 101,2 млрд. теңгеге ЖАО облигацияларын сатып алу, 65,8 млрд. теңгеге үлескерлік құрылысқа кепілдік беру, 20 млрд. теңгеге құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау жоспарланып отыр.   

 

Тұрғын үй құрылысы саласындағы бірыңғай операторды құру

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 77-тармағына сәйкес, Холдингке тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту шараларын қабылдау тапсырылды.   

Бәйтерек девелопментті, Қазақстан ипотекалық компаниясын, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын қайта ұйымдастыру жолымен Бірыңғай операторды құру және Housing and Development Board моделі бойынша Даму қорының жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау функциясын Бірыңғай операторға беру жоспарлануда.   

Холдингтің активтерін шоғырландыру және тұрғын үй блогының құралдарын өзгерту, оның ішінде субсидиялау және кепілдік беру тетіктері арқылы өзгерту нарықтық шарттармен капитал тартуға, ағымдағы қаржы ағындарымен біріктіруге және әкімдіктер мен жеке құрылыс салушылар үшін қорландыру құнын арзандатуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай оператор жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде стратегиялық жоспарлаудан бастап, инжиниринг, цифрлық мониторинг және кейінгі пайдаланумен қоса, толық сүйемелдеуге дейін тікелей кешенді қолдау көрсететін болады.

Холдингтің тұрғын үй блогының қызметін оңтайландыру капиталды 120%-ға, активтерді 70%-ға ұлғайтуға және жалпы әкімшілік шығыстарды 25-30%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.  

Бұл ретте, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі еліміздегі тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін дамытушы жалғыз банк ретінде халыққа жеңілдетілген тұрғын үй қарыздарын беру функциясын жалғастырады.  

Осылайша, жұмыс істеп тұрған бес оператордың саны екіге дейін қысқарып, Холдингтің тұрғын үй блогы Бірыңғай оператор функциясы арқылы тұрғын үй құрылысын қолдайтын болады және ҚТҚЖБ беретін қарыздар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың сұранысын қамтамасыз етеді.    

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2019 жылғы 29 қарашадағы қарарына сәйкес, Іс-шаралар жоспарының 77-тармағын екі кезеңде іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

1) Бірінші кезеңде 2019 жылдың соңына дейін тиісті корпоративтік шешімдер қабылдау жолымен «БД» АҚ мен «ҚИК» АҚ-ны біріктіру жұмысын бастау;

2) Екінші кезеңде 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның Бірыңғай оператордың құрамына қосылуы бойынша тиісті заңнамалық өзгерістер енгізуді және қажетті корпоративтік шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету.

Бірінші кезеңді орындау үшін, Холдинг Басқармасы 2019 жылғы желтоқсанда Бәйтерек девелопмент пен Қазақстан ипотекалық компаниясын біріктіру мәселесін мақұлдау және кейіннен Холдингтің Жалғыз акционерінің қарауына шығару үшін Холдингтің Директорлар кеңесінің қарауына шығару туралы шешім қабылдады. Бұл мәселені Директорлар кеңесіне және Холдингтің Жалғыз акционеріне 2020 жылдың бірінші тоқсанында шығару жоспарланып отыр.

 

2020 жылға жоспарланған басты іс-шаралар

  • Жолдау шеңберінде және Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ бекітілген мемлекеттік бағдарламалар (2020 – 2025 жылдарға арналған ИИДМБ, 2020 – 2025 жылдарға арналған Нұрлы жер, Бизнестің жол картасы 2025) назарға алына отырып, осы жылы Холдингтің жаңартылған Даму стратегиясы қабылданады. Стратегияда бес стратегиялық бағыт: ірі бизнесті, ШОБ-ты, экспортты қолдау, тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету және үлестік инвестициялауды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру қамтылған.
  • Бұрын айтылғандай, тұрғын үй құрылысы саласындағы Бірыңғай операторды құру арқылы Холдингті трансформациялау жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Бірыңғай оператор базасында құрылыс материалдары нарығы бойынша Маркетплейсті дамыту және «Нұрлы Жер» ахуалдық орталығын дамыту жоспарда бар. «Бақытты отбасы», «Өз үйім», «Әскери ипотека» бағдарламаларын іске асыруды жалғастыру.
  • Қазіргі уақытта Холдинг Қазақстанның даму банкі мен екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен синдикатталған кредиттер беру жолымен жобалық қаржыландыруды дамыту мәселелерін пысықтауда. Осы құралдар арқылы жобаларды қаржыландыруды ағымдағы жылы бастауды жоспарлап отырмыз.  
  •  «KazakhExport» ЭСК» АҚ өкілдіктері желісін кеңейту жұмыстарын жалғастыру (Мәскеу, Үрімші, Минск қалаларында өкілдіктердің кеңселерін ашу жоспарлануда).
  • Нормативтік-құқықтық актілерге «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ны ҚР ҰБ реттеуінен шығару бойынша өзгерістер енгізіледі.  
  • «ҚКМ» АҚ алғаш рет Private Equity құралы арқылы ИИДМБ-3 жобаларын қаржыландыру бағыты бойынша ИИДМБ-3 операторы болады. Сонымен қатар, кері сатып алу міндеттемесі бар капиталға үлестік қатысу құралдары арқылы корпоративтік бизнесті қаржыландыру жұмыстары жалғасатын болады.  
  • Венчурлік қаржыландыру құралдарын дамыту. Өткен жылдары заңнамалық актілерге венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді, QazTechVentures компаниясы қайта құрылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары шеңберінде америкалық венчурлік инвестициялар қорымен (500 Startups) ортақ қор құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл шара жаңа инвестицияларды қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылдың сәуір айында ортақ қордың алғашқы жобасы қаржыландырылады деп күтілуде. Ағымдағы жылы қазақстандық венчурлік қорды құру жоспарын да атап өткен жөн. 

 

Осылайша, 2020 жылға жоспарланған іс-шараларды іске асыру кәсіпкерлікті дамыту және тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың негізгі қаржы операторы ретінде Холдингтің алдына Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттерді сәтті орындауға мүмкіндік береді.    

 

Назарларыңызға рахмет!