Инвестиционная политика холдинга «Байтерек»: цели, задачи, развитие

22.01.2019

Инвестиционная политика

«Бәйтерек» холдингі жаңа Инвестициялық саясатты жүзеге асыруға кірісті. Оның мақсаты еліміздің тұрақты түрде әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізетін тиімді әрі мөлдір инвестициялық іс-әрекетті қамтамасыз ету болып табылады.  

Жаңартылған құжат Холдингтің директорлар Кеңесінің шешімі бойынша, мемлекеттік даму бағдарламасына сай құрылған. Осылайша, компания мен оның еншілес ұйымдарының инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары мен қағидалары бекітілді, онда негізгі басымдылықтардың бірі экспортты қолдау болып табылады. 

Жаңа редакция төрт негізгі блок бойынша Саясаттың бұрыңғы редакциясындағы ережелерді айтарлықтай кеңейтті.

Біріншіден, ол Холдинг пен еншілес ұйымдардың барлық инвестициялық қызметіне вектор беретін алты негізгі қағидалар анықталды. Олар Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектесетін, сондай-ақ экономиканың жеке секторына қолдау көрсететін жобаларға назар аудару. Бұған қоса, құжат күрделі қаржы сыйымыдылығы бар және өзін-өзі ақтау мерзімі ұзақ болғандықтан оларды коммерциялық институттар қаржыландыруға қызығушылық танытпайтын басым жобаларды анықтайды. Алайда олар ұлттық экономика үшін мультипликативті әсер құруға септігін тигізеді. Бұған қоса, зиянсыздық және ESG (Environmental, Social, Governance) – экологиялық тиімділік және қоршаған ортаны қоғау, әлеуметтік бағыт және адал корпоративті басқару қағидаларының кешені секілді халықаралық қағидаларды қолдануға ұмтылысты қамтамасыз етеді. ESG нормаларын енгізу қазақстандық жобалардың шет елдік инвесторлар үшін тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.   

Екіншіден, жобаларға анағұрлым тиімді қаржыландыру шарттарын ұсыну тарапынан қарастырылатын жобаларды басымды ету құралдары ретінде Даму индексі деген түсінік енгізілді. Индекс еліміздің дамуына үлес қосатын және ықпал ететін анағұрлым маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды көрсетуге, сонымен қатар осындай жобаларға анағұрлым тиімді шарттар ұсынуға мүмкіндік береді. Даму индексі деңгейі төмен жобалар мемлекеттік қаражат көздерінен қаржыландыру ала алмайтыны шешуші сәт болып табылады.  

Бұл ретте Даму индексі жоғары жоба мемлекеттік бағдарламалармен анықталған басым салаларға сай келіп, еңбек өнімділігін ұлғайтуға септігін тигізіп, өндірістегі экспорттың үлесі басым болуын және өнім шығару көлемін салынған қаражат бірлігіне сай етуі тиіс. Сонымен қатар басымдылық экономиканың жеке секторына бағытталады. 

Үшіншіден, жаңа редакция Холдинг пен еншілес ұйымдардың арасындағы жауапкершілікті нақты бөліп берді, ол өз кезегінде екі жақ арасында мөлдір қарым-қатынас құруға мүмкіндік беріп отыр. Еншілер ұйымдардың негізгі рөлі қаржылай қолдау көрсету бойынша ағымдағы процесті жүзеге асыру және сүйемелдеу болып қала береді. Ал Холдинг болса, еншілес компаниялардың инвестициялық қызметінің стратегиялық векторын анықтайды және қолдау құралдарын ұсынуға назар аударады. Сонымен қатар көрсетілетін қаржылай қолдаудың тиімділігіне бақылау жүргізеді.

Төртіншіден, Инвестициялық саясат еншілес ұйымдар қолдана алатын қаржылық құралдарды анықтайды және талдайды. Сонымен қатар қаржыландыру және баға құру шарттарын анықтауға түсінікті тәсіл бекітті. 

Қолдау құралдарының диагностикасы нәтижесі бойынша кейбір шектеулер мен толықтыруларды анықтау қажет екені белгілі болды. Олар Холдинг пен еншілес ұйымдардың инвестициялық қызметін анағұрлым топтастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, жобаларды бірлесіп қаржыландыру кезінде еншілес ұйымдардың өзара қарым-қатынасы мәселесі нақтыланып, сонымен қатар қазақстандық өнімді сатып алушы бейрезиденттерді қаржыландыру мәселесі шешілді және экспортты дамытуға басым назар аударылды.