«Бәйтерек» холдингінде кәсіби мереке құрметіне үздік қаржыгерлер марапатталды

15.11.2019

1

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Холдинг ұжымын Ұлттық валюта - теңге күнімен және қаржыгерлердің кәсіби мерекесімен құттықтады.

Холдинг басшысы өзінің құттықтау сөзінде компания ұжымы ел басшылығы қойған барлық міндеттерді нақты орындағанын атап өтті.

- Біз үнемі дамып, тиімділікті арттырудамыз, жаңа қызметтер көрсетеміз және еліміз бен шетелде сенімді серіктестер табамыз. Біздің нәтижелерімізді бағалауда тұрғын үй саясатын іске асыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, экспортты ынталандыруға және инвестиция тартуға ерекше назар аударылады. Өздеріңіз көріп отырсыздар, жыл сайын «Бәйтерек» холдингінің жұмысына ел басшылығы тарапынан да, жұртшылық тарапынан да үлкен назар аударылады. Біздің көптеген бағдарламаларымыз қатаң бағытталған әлеуметтік бағыттылыққа ие және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын қамтамасыз етеді. Бұл жерде сіздердің әрқайсыңыздың қосқан еңбектеріңіз бар, қымбатты әріптестер, - деді ол.

Салтанатты іс-шара барысында Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының қаржылық құрылымдарында кемінде 10 жыл жұмыс істейтін және ең жоғары нәтижелер көрсететін үздік қаржыгеріне «Қаржы қызметінің үздігі» деген ведомстволық наградалары табыс етілді.

Марапатталғандар қатарында:

- бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – «Бәйтерек» холдингінің бас бухгалтері Құралай Есенғараева

- «Бәйтерек» холдингінің Қазынашылық департаментінің директоры Гүлнәр Мақаналина;

- «Бәйтерек Девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алтай Күздібаев;  

- «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі департаментінің қаржы институттарымен және жаңа өнімдермен жұмыс жөніндегі басқармасының бас менеджері Маржан Сағнаева;

- «Тұрғын үй ынтымақтастығына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдік беру департаментінің директоры Жаңыл Саяқова.

Шара соңында Айдар Әріпханов жоғары мақсаттарға қол жеткізуге және ең маңызды экономикалық міндеттерді шешуге қосқан елеулі үлесі үшін барлығына алғысын білдірді.