«Бәйтерек» холдингі Шанхай импорттық көрмесіне қатысуда

07.11.2019

главное фото

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация құрамында 5-20 қараша аралығында Шанхай қаласында (ҚХР) ұлттық көрме орталығында өтіп жатқан екінші Шанхай импорттық көрмесіне қатысуда.

 

- «Бәйтерек» Холдингі үшін Шанхай импорттық көрмесіне қатысудың маңызы зор, себебі бұл алаң инвестицияларды тарту, бизнес-байланыстарды жолға қою, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін арттыру үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Сарапшылардың айтуынша, келесі бес жыл ішінде Қытай 10 триллион АҚШ доллардан астам өнімдер мен қызметтерді импорттайды. Әлемдегі әрбір кәсіпорынға ауқымды Қытай нарығына кіруге бірегей тарихи мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, әлемдік ірі бизнес те бұл күндері осында болады: көрмеге 100-ден астам елдің кәсіпорындары қатысады, - деп атап өтті Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин.

 

Көрмеде ауданы 250 шаршы метрден асатын Қазақстанның ұлттық павильоны орнатылды, оны құруға «Бәйтерек» холдингі қатысты. Холдинг және оның еншілес ұйымы «KazakhExport» ЭСК» АҚ павильонда компаниялардың қызметі мен мүмкіндіктері туралы ақпараты бар өз стендтерін ұсынды.

 

eaad84

- Біз Холдинг құралдарының тұсаукесерін өткіземіз, өз мүмкіндіктеріміз туралы айтып береміз, біздің клиенттеріміз болып табылатын қазақстандық экспорттаушыларды ілгерілетеміз, қатысушы елдермен әріптестік байланыс орнатамыз, - деп атап өтті Рустам Қарағойшин.

 

Қазақстандық павильонда Қытай банкінің Төрағасы Лиу Лианж болып қайтты. Ол Шанхай көрмесі Қазақстан мен Қытай компаниялары арасындағы серіктестікті дамыту үшін тиімді алаң болып табылатынын атап өтті.

1105

Көрме барысында Хунань провинциясында 10 млн АҚШ доллары сомасына қазақстандық өндірістің тауарларын ілгерілетуге бағытталған «KazakhExport» ЭСК» АҚ мен «Hunan Zhonghong Investment Management Co» компаниясы арасында Меморандумға қол қойылды.

1106

Қол қою рәсімі Сянтань қаласының халық үкіметінің вице-мэрі Ян Инцзенің қатысуымен өтті.

0001106

Сондай-ақ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ мен «Wuhan Asia Europe Logistics Cо.,  Ltd» арасында Хубэй провинциясында қазақстандық өндіріс тауарларын ілгерілету туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қою ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың және Ухань қаласының вице-мэрі Сюй Хунланьнің қатысуымен өтті.

rep1106

Көрме аясында холдинг өкілдерінің Қазақстандағы Қытай банкінің төрағасы Лю Вэймен кездесуі өтті, онда одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

0110611

Қазақстандық павильонға қытайлық бизнесмендер үлкен қызығушылық танытты.  

шанх1106

Шэньси провинциясындағы Сиань қаласының кәсіпкері Лю мырза Қытай компаниялары Орталық Азия, Балқан түбегі және Кавказ елдеріне инвестиция құюға қызығушылық танытады деген пікір білдірді. Бұл ретте, олар үшін Қазақстан ең тиімді және тартымды болып табылатынын атап өтті, себебі ҚР Үкіметі инвестицияларды тарту және бизнесті жүргізу үшін қолайлы орта құру бойынша салыстырмалы тиімді саясат жүргізеді.

шнх2

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің инвестициялар, сауда, бизнес және туризм саласындағы мүмкіндіктерін таныстыру үшін ірі компаниялар, оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымы «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Kazakh Invest» ҰК, АХҚО, «Qazaqtrade» ССДО, «ҚазақТуризм» АҚ, «Қорғас» ШЫХО секілді компанияларын ұсынды.