«Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының баспасөз хатшылары үшін медиатрениг өтті

26.09.2019

main

B2C Consulting Group басқарушы серіктесі Александр Данилов «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымының баспасөз хатшылары үшін «Дағдарысқа қарсы коммуникация: теория және практика» тақырыбында тренинг өткізді.

1

Медиалектор компания жіті назарда болғанда дағдарыстық жағдайларда PR қандай болуы керектігі туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Александр Данилов – тәуелсіз саяси және PR-кеңесші, әр уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, «Нұр-Медиа» медиахолдингі, сондай-ақ бірқатар коммерциялық компанияларда жұмыс істеді.

 

Айта кетейік, «Бәйтерек» холдингіне ірі, орта және шағын бизнесті, тұрғын үй құрылысын, венчурлік капиталды, елдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін дамытумен айналысатын 11 еншілес компания кіреді.

2