«Бәйтерек» холдингі Қарағанды облысы әкімдігінің кеңейтілген кеңесіне қатысты

01.10.2019

main

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов бастаған Қазақстанның ірі даму институттарының басшылары Қарағанды облысының кәсіпкерлерімен және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен кездесті. Облыс әкімдігінде өңір басшысы Жеңіс Қасымбек кеңес өткізді.  

«Бәйтерек» Холдингінің басшысы еншілес ұйымдардың басшыларын таныстырды – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ (ҚИК), «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «KazakhExport» АҚ.

f1

Одан әрі А. Әріпханов 2013 жылы құрылған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын елдің бас қаржы институты болып табылатын Холдингтің қызметі туралы айтып берді.

- «Бәйтерек» холдингінің өз құрылымында кәсіпкерлерді қолдау құралдарының кең спектрін ұсынатын 11 еншілес ұйымы бар: инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнім экспортын қолдауға дейін; сыйақы ставкасын субсидиялаудан бастап кредиттерді кепілдендіруге дейін. Сондай-ақ жобалық құжаттаманы дайындауға, жобаны сараптауға көмек көрсетеді және серіктестерді іздеуге жәрдемдеседі, - деп атап өтті Айдар Әріпханов.

Жиналыста тұрғын үй құрылысы және кәсіпкерлерді қолдау мәселелері талқыланды.

Жеңіс Қасымбек дәрігерлер мен мұғалімдерді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ҚИК бағдарламасына оң баға берді. ҚИК басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов әкімге Меморандум жасауды ұсынды, оның негізінде компания жаңа тұрғын үйлерден дәрігерлерге және педагогтарға 200 пәтер бере алады.

- Бұл үлкен көмек. Мен осы меморандумды қолдайтынымды айтқым келеді. Қол қойайық, шарттары өте жақсы. Жаңа үйлердегі екі бөлмелі пәтерлердің аумағы 70 шаршы метрге дейін жетеді. Демек, пәтерді жалдап тұрғаннан гөрі, осы бағдарлама бойынша сатып алған тиімдірек болады. Сонымен қатар, меморандум аясында тұрғын үй мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді, - деп келісті Жеңіс Қасымбек.

f2

Өз кезегінде, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Қарағанды облысы - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының саны бойынша көшбасшылардың бірі екенін хабарлады. Тек Қарағандыда ғана мұнда 97 636 адам депозит алады. Теміртауда-5 810 адам, Жезқазғанда - 8 473 адам, Сәтпаев және Балқашта - 5 мыңнан астам салымшы бар.

 

Кездесу барысында шағын, орта және ірі бизнесті дамыту мәселелері, сондай-ақ инвестицияларды тарту және өңірдің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша жұмысты жандандыру шаралары талқыланды.

Сонымен қатар Холдингтің еншілес компанияларының басшылары кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары туралы және бизнесті дамыту мен өз жобаларын іске асыру үшін жеңілдетілген несие берудің қандай түрлерін ала алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қарағанды облысында бағдарламаның іске асырылуы туралы «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева хабарлады.

- Шағын және орта бизнестің рөлі оның өңірдің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесімен айқындалады. 2019 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Қарағанды облысы ЖӨӨ ШОБ үлесі бойынша 4-ші орынды иеленіп, 954,7 млрд теңгені құрады. Өңірде 88 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс істейді, олар 236 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш секілді тек үш қаланың өзінде «Даму» Қоры 550 жобаларға қолдау көрсетті, - деп атап өтті ол.

Аймақ экономикасы үшін Қарағанды ЖЭО-3 кеңейту, тау-кен байыту комбинатының құрылысы және ферросилиций өндіретін зауыт сияқты ірі жобаларға Даму банкінің қолдауы маңызды рөл атқарады.

- Дегенмен, біз қол жеткізген жетістікте тоқтауды жоспарлап отырған жоқпыз. Бүгінде Банк бес инвестициялық жобаны қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруда, - деп атап өтті Банк басшысы Абай Сарқұлов.

Сонымен қатар, KazakhExport басшысы Руслан Ысқақов аталмыш алаң өнеркәсіп саласындағы даму институттары мен өңір билігі арасында тікелей диалог орнату үшін қызмет ететінін, Қарағанды облысында өндірілетін тауарлар мен қызметтерді сыртқы нарықтарға шығару үшін экспорттық әлеуетті жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті.

«QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы Жандос Шаймарданов өзінің қолдау құралдарын таныстырды. Оның айтуынша, компания бизнес-инкубациялауды қолдаумен, венчурлік қаржыландыруды дамытумен айналысады,сондай-ақ сараптамалық-технологиялық сүйемелдеу жүргізеді. Келесі бес жылда QazTech Ventures технологиялық стартаптарға қолдау көрсететін кем дегенде жылына бір венчурлік қор құруды жоспарлап отыр.

f3

Соңында «Бәйтерек» Холдингі компаниялар тобының басшылары кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Фотосуреттерді Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды