Айдар Әріпханов: ҚР Президенті қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға үлкен назар аударуда

04.09.2019

1

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы холдинг басқармасының төрағасы Айдар ӘРІПХАНОВ баяндады.

 

 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы үлкен мәселелерді қамтиды. Онда қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және ел экономикасын дамытуға бағытталған Үкіметке нақты тапсырмалар ғана келтірілген. Бұған қоса, Президент қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға үлкен көңіл бөледі, жан-жақты қамқорлық көрсетуде.

 

Президенттің үндеуінде бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың операторы болып табылатын «Бәйтерек» холдингінің қызметін қозғайтын бірнеше тармақ бар.

 

Біріншіден, бүгінде мемлекет шағын және орта бизнеске үлкен қолдау көрсетуде. Осылайша біздің еншілес ұйым – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры бірқатар құралдарды ұсынады, олардың ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және несиелерге кепілдік беру. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2,5 трлн теңгеге шамамен 14,5 мың түрлі жоба субсидияланды. Бұдан басқа, жалпы сомасы 216 млрд теңгеге 5,6 мың кепілдендіру шарты жасалды.

 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ШОБ-ті мемлекеттік қаржылық қолдау жүйесін жаңа жобаларға басымдық бере отырып, «қайта жүктеу» қажет екенін атап өтті. Президент Үкіметке жаңа «Бизнестің жол картасы» шеңберінде осы мақсатқа келесі үш жылда қосымша 250 млрд теңге бөлуді тапсырды. Біздің даму институттарымыз бұл жұмысқа белсенді қатысады.

 

Екіншіден, Президент экспортқа жұмыс істейтін компанияларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігін барынша арттыру туралы мәлімдеді.  Бұл ретте мәселе ең алдымен орта бизнеске қатысты айтылып отыр. Бұл бағытпен бізде «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы және Қазақстанның Даму Банкі сәтті түрде айналысатынын атап өткім келеді. 2014-2018 жылдары KazakhExport 152 экспорттаушыны қолдады, және де қабылданған міндеттемелер көлемі 173 млрд теңгені, ал экспорттық келісімшарттар сомасы 841 млрд теңгені құрады. ҚДБ 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде экспорт алдындағы қаржыландыру арқылы экспорттаушыларды қолдауға 425,5 млрд теңге берді.

 

Сонымен қатар, холдинг кәсіпкерлердің осы сегментіне мемлекеттік қолдау көрсетудің пәрменді шараларының жоқтығы туралы Мемлекет басшысының ескертуін пысықтауда. Ең алдымен, өнімді өткізу саласында жұмыстар атқарылуда. Айта кету керекі, экспорттаушыларға әлеуетті импортшыларды іздеу және шетелдік нарықтарға бағыттау бойынша көмек көрсету саласында KazakhExport өзінің шетелдік өкілдіктерін ашуда. Қазіргі уақытта компания өкілдері Қазан (Ресей), Ташкент (Өзбекстан), Сиань (Қытай) және Душанбе (Тәжікстан) қалаларында бар. 2019 жылдың соңына дейін Мәскеу, Новосибирск, Минск және Бішкек қалаларында өкілдіктер ашу жоспарлануда.

 

Үшіншіден, Президент Үкіметке елдегі тұрғын үй дамуының бірыңғай моделін әзірлеуді, өзара бөлінген бағдарламаларды қабылдау тәжірибесінен бас тартуды тапсырды. Бұл қажетті шара деп есептеймін. Бұған дейін «Бәйтерек» холдингі қажетті инженерлік, әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылымы бар жаппай тұрғын үй құрылысы мәселелерін кешенді түрде шешетін бірыңғай оператор құру идеясын алға тартты.

 

Төртіншіден, Мемлекет басшысы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша іске қосылған «Бақытты Отбасы» жаңа бағдарламасына жан-жақты тоқталды. Жыл соңына дейін кемінде 6 мың отбасы осы бағдарлама шеңберінде жеңілдікті шарттар бойынша тұрғын үй сатып алады. Бірінші кезекте, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және көп балалы отбасылар. 2020 жылдан бастап осындай 10 мың отбасы жыл сайын тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл міндет біздің еншілес компаниямыз – Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мойнына артылады. Біз сондай-ақ бағдарламаға қатысу үшін нақты өлшемдерді анықтауға және оны қатаң әкімшілендіруді қамтамасыз етуге қатысатын боламыз.

 

 

Соңында Мемлекет Басшысы Үкімет алдына қойған міндеттерді іске асыру «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының тікелей қатысуын және жұмыс істеуін талап ететінін атап өткім келеді. Біз айтылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін бар күшімізді саламыз.

 

 

 

 

Анықтама:

 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.