Асқар Мамин Шымкентте тоқыма өндірісін іске қосты

05.12.2019

main

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылық жасаған ИИДМБ, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының, сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент пен Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету шеңберінде жұмыс сапарына шықты, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

 

Шымкент қаласында Үкімет басшысы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) және «Alliance Textile» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өзбек қауымдастығының бірлескен кәсіпорны «Alliance» Сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС иіру фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты.

 

Жоба ағымдағы жылдың маусым айында ҚР ж»не ӨР үкіметтері арасындағы қол жеткізілген бірлескен тоқыма кластерін құру туралы уағдаластықтар шеңберінде іске асырылды. Тараптардың күшімен қысқа мерзім ішінде ұзақ жылдар бойы тоқтап қалған фабриканы іске қосуды қамтамасыз ету үшін жөндеу-қалпына келтіру және коммуналдық қызметтерді қосу жұмыстары жүргізілді.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің алдымызға «қарапайым заттардың экономикасын» дамыту бойынша міндет қойды.Бұл салада жеңіл өнеркәсіп ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда біз оның алғашқы жемістерін көріп жатырмыз, - деді А. Мамин.

 

Премьер-Министр фабриканы іске қосу Қазақстанның тоқыма кластерін дамытуға үлкен серпін беретініне сенім білдірді.

 

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларына шетелдік инвестицияларды тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Өзбекстанның тоқыма өнеркәсібін дамыту бойынша оң тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның XVIII отырысы аясында ағымдағы жылдың 22 маусымында Шымкентте тоқыма кластерін бірлесіп іске қосу туралы келісімге қол қойылды, - деп атап өтті А. Мамин.

 

Кәсіпорында бірінші кезеңде 120 жаңа жұмыс орны құрылды, мақта талшығын өңдеу көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Өзбекстан тарапының жобаға инвестициясы шамамен 4,6 млрд теңгеге жетеді.

 

Шымкент қаласының тоқыма кластерін қалпына келтіру жөніндегі жол картасы аясында қосымша екі фабриканы іске қосу жоспарланып отыр, бұл Қазақстанда өңделетін мақта көлемінің 2 есеге өсуін қамтамасыз етеді және 800 жаңа жұмыс орнын ашады.

 

 

Фотосуреттерді ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі ұсынды

f1