Алматы әкімі «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау шараларын талқылады

19.07.2019

sagintayev

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау және дамыту шараларын талқылады, деп хабарлайды Алматы қаласының ресми интернет-ресурсы.

Кездесуге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы Айдар Арифханов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы Директоры Марат Омаров, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасы Мұрат Худайбергенов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова, «ИҰ «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алтай Күздібаев, «Даму» КҚҚ» АҚ Басқарма Төрайымы Гаухар Бөрібаева, «Казахэкспорт» АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Искаков, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Дулат Жарлықапов қатысты.

 

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері және инвестиция тарту мен экспорттық әлеуетті күшейтудің негізгі шаралары талқыланды.

 

Қала әкімі Алматыда ШОБ қолдау көрсетудің бірыңғай өңірлік бағдарламасының қабылданатынын, мұнда әкімшілік кедергілерді жоюдың және мегаполистің инвестициялық тартымдылығын арттырудың нақтылы шаралары көрініс табатынын хабарлады.

 

«Басты міндет – жұмыс орындарын ашу және инвестиция тарту. Мұнда «Бәйтерек» холдингімен және оның еншілес ұйымдарымен бірлесіп, түсіністікпен жұмыс істеу үлкен рөл атқаратын болады», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.

 

Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған барлық мәселелерге қатысты «жол картасын» бірігіп жасау жөнінде шешім қабылданды.

 

Фото суреттер almaty.gov.kz. сайтынан алынған

Сагинтаев 2