Ақмола облысының бизнесмендеріне мемлекет қолдауын қалай алу керектігін айтып берді

12.07.2019

1

Ақмола облысының бизнесмендері «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдары көрсететін мемлекеттік қолдау шараларымен танысты.

 

Арнайы семинар-отырыс Көкшетау қаласында 10 шілдеде өтті. Ол тек өңір кәсіпкерлерін ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның даму институттарының өкілдерін жинады. Іс-шара барысында жобаларды қаржыландыру, инвестицияларды тарту, өнім экспорты және тағы басқа мәселелерді қарастырды.

 

Жергілікті кәсіпкерлерге «Қазақстанның Даму банкі» (ҚДБ) АҚ, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Казына Капитал Менеджмент» АҚ, «Казына Капитал Менеджмент» АҚ және «Kazakhstan Project Preparation Fund» (KPPF) ЖШС сияқты еншілес ұйымдармен берілетін бизнесті қолдау құралдары мен шарттарының түрлері түсіндіріледі.

 

«Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдары инвестициялық фазадан дайын өнімдердің экспортын қолдауға дейін; сыйақы мөлшерлемесін қаржыландырудан несиелерді кепілдендіруге дейін кәсіпкерлерді қолдау құралдарының кең шоғырын ұсынады. Сондай-ақ жобалау құжаттамасын дайындауға, жоба сараптамасына көмек көрсетеді және әріптестерді іздеуге көмектеседі.

 

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғаннан (2010 жыл) несиелер бойынша мөлшерлемені қаржыландыруға 214,7 млрд.теңге, несиелерді кепілдендіруге – 13,8 млрд.теңге бөлінгенін атап өту керек.  Бүгінде бұл қаражаттар шамамен 12,6 жобаны 2,4 трлн.теңгеге қаржыландыруға және 4,8 мың жобаны 179 млрд. теңгеге кепілдік беруге мүмкіндік береді. 2019 жылы шағын және орта бизнес (ШОБ) қолдау жоспарлануда. Жалпы сомасы 30,7 млрд.теңгеге 77 ШОБ экспортты-бағытталған жобалар қаржыландырылды.

2