Роль холдинга «Байтерек» в реализации государственных программ

02.10.2018

123

«Бәйтерек» холдингі ҚР Үкіметінің қаржылық институты ретінде тұрғындарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуден бастап ірі индустриялық жобаларды қолдауға дейінгі негізгі әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады. Осы бағыттағы жұмыс бойынша нақты нәтижелер туралы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма Төрағасы Айдар АРИФХАНОВ «Казахстанская правдаға» берген сұхбатында айтып берді.

arifkhanov
infografika

Барлық бағыттар бойынша тиімді жұмыс

 

Айдар Әбдіразақұлы, «Бәйтерек» холдингі аса маңызды әлеуметтік маңызы бар қандай мемлекеттік бағдарламаларға қатысады? Компаниялар тобы олардың қайсысында маңызды роль атқарады?

– Мемлекет Басшысы мен Үкімет «Бәйтерек» Холдингіне Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесуболып табылатын нақты миссияны мақсат етіп отыр. Сондықтан, Холдинг қызметі 11 портфельдік компанияны қоса алғанда, негізгі бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Біріншіден, Қазақстанның Даму банкінің механизмдері арқылы Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ірі бизнеске қолдау көрсетіледі. 2015 жылдан бастап 2017 жыл аралығында ҚДБөңдеуші өнеркәсіп пен өндірістік инфрақұрылым саласында 270 млрд. тенгеге 14 ірі инвестициялық жобаны қаржыландырды. ИИМБ жобаларын қолдау үшін Холдинг өзіне бұрын нарық жағдайларында Ұлттық қордан бөлінген 75 млрд .теңгеге 150 млрд. теңге қосымша қаржыландыруды тарту міндеттемесін алды.

Екіншіден, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры тұрғындардың ауқымын кәсіпкерлікке тартуды мақсат еткен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қаржылық агент болып табылады. Бағдарламаны іске асыруда сегіз жыл ішінде 11900-ден астам жоба бойынша несиелердің жалпы сомасы 2,2 трлн. теңгеге сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттарына қол қойылды.

Сонымен қоса, «Даму» қоры жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар арасындағы іскери белсенділікті ынталандыруға бағытталған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның операторы болып белгіленді. Аталған бағдарлама шеңберінде несиенің жалпы сомасы 13,7 млрд. теңгені құрайтын 1260 жоба қаржыландырылды.

Үшіншіден, «Бәйтерек» холдингі бұрын қолданыста болған тұрғын үй бағдарламаларының барлығы біріктірілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының бірыңғай операторы болып табылады. Холдингтің бес еншілес ұйымының құралдары сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да тұрғын үйге қолжетімділіктің жоғарылауына ықпал ететінін атап өткен жөн.

Төртіншіден, Холдинг «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру бойынша бірқатар маңызды міндеттерді орындап отыр. Холдинг өзінің еншілес ұйымдары арқылы құралдардың кең спектрін ұсына отырып, отандық өндірушілер мен экспортерлерге ауқымды қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, экспорттық әлеуетті ынталандыру шеңберінде Холдинг ҚДБ экспорттық құралдары арқылы 2015 жылдан бастап 2017 жыл аралығында жалпы сомасы 228,6 млрд. теңгеге 14 экспортшы кәсіпорынға қолдау көрсетті. Алыс және жақын шет елдерге (Ресей, Қытай, Еуропалық одақ, Орталық Азия мемлекеттері және т.б.) қаржылық қолдау көрсету нәтижесінде тамақ өнімдерінен бастап жеңіл автомобильдер мен локомотивтерге дейінгі өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің кең желісі экспортқа шығарылды.

Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіп секторларындағы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында Холдинг екінші деңгейдегі банктердің құралдары арқылы 118,2 млрд. теңгеге ірі бизнестің 82 жобасы және 456,4 млрд. теңгеге 2138 МСБ жобасы қаржыландырылды.

Қосымша, отандық өндірістің жеңіл автомобильдерге Холдинг жеке тұлғаларды жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасын табысты қабылдады және іске асырды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың алты айында жеңілдетілген автонесиелендіру механизмі арқылы жеке тұлғалар отандық өндірістен 2327 бірлік жеңіл автокөлік сатып алған, бұл қазақстандық автокөлік өнеркәсібіндегі жалпы сату көлемінің 18% -ын құрайды.

«Бәйтерек» Холдингі іске асырып отырған бағдарламалардың әрқайсысының нақты экономикалық және әлеуметтік маңызы бар, бұл мемлекетіміздің тұрақты дамуына және қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруына зор ықпал етеді. Жалпы, Холдинг мемлекеттік органдармен, отандық және шетелдік бизнес-әріптестермен жөнге келтірілген бірқалыпты жұмыс істеуі, сонымен бірге, ел азаматтарының белсенді қатысуы нәтижесінде қойылған міндеттердің барлығын тиімді орындап отыр.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқыңыз.