«Бәйтерек» Холдингінің Корпоративтік басқаруы

Image
office doors
Corporate governance

Корпоративтік басқару принциптері

Холдинг Корпоративтік басқару, капиталды тартуға кететін шығынды азайтуға септігін тигізетін,  тиімділікті арттыру, әділдікті, есептілікті қамтамасыз ету және оның беделін нығайту болып табылады деп санайды.

Біздің кодекстің негізін қалаушы қағидаттары:

  1. құзыреттерді ажырату қағидасы 
  2. Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидасы
  3. Холдингті Директорлар кеңесі мен Басқарманың тиімді басқаруы қағидасы
  4. тұрақты даму қағидасы 
  5. тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және сыртқы аудит қағидасы 
  6. корпоративтік шиеленістерді және мүдделер шиеленісін реттеу қағидасы 
  7. Холдинг қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен әділдігі қағидасы

 

sample

Ұйымдастырушылық құрылым

«Қазақстан Республикасының Үкіметі «Бәйтерек» Холдингінің жалғыз акционері болып табылады. Холдинг толығымен еншілес компанияларға иелік етеді. Акционерлік капиталдағы мемлекеттің үлесін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ұсынады.

Үкімет құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері, «Бәйтерек» Холдингінің басшылығы және тәуелсіз мамандар кіреді».

Ұйымдастырушылық құрылымға шолу

Осы құжатта Бәйтерек ұйымдық құрылымы көрсетіледі

auditor

Сыртқы аудит

Сыртқы аудиторды таңдау және «ҰБХ  «Бәйтерек» АҚ-ның сыртқы аудиторы туралы ақпарат

«ҰБХ «Бәйтерек» АҚ және ұйымдар үшін, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ-ға тиесілі, сыртқы аудиторлық ұйымды таңдау «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ және ұйымдар арқылы,дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ-ға тиесілі, тауарларды сатып алудың Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

2014 жылдан бастап «КПМГ-АУДИТ» ЖШС-гі «ҰБХ  «Бәйтерек» АҚ-ның аудиторыболып табылады, 2014 жылдың 24 шілдесіндегі нөмірі 06/14 және 2015 жылдың 12 ақпанындағы нөмірі 02/15 директорлар Кеңесінің шешімдеріне сәйкес,  тиісінше 2014 және 2015-2018 жылдарға арналған.

internal audit

Ішкі аудит

Ішкі аудиттің міндеті тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізулер, ұсыныстар беру және білім алмасу арқылы ұйымдастыру құнын сақтап қалу және арттыру болып табылады.

Ішкі аудиттің тәуелсіздігін және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің тікелей басқаруындағы орган болып табылады және соның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.

Қазақстан Республикасының заңнамасының, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жарғысы мен Корпоративтік басқару кодексінің, ІАҚ туралы Қағиданың және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудитті ұйымдастыру ережелері нормаларының талаптарына сәйкес – ІАҚ өз қызметін атқару кезінде ішкі аудиттің міндеті мен оны анықтау, ішкі аудиттің кәсіби практикасының негізгі принциптері, этика кодексі және ішкі аудиттің Халықаралық кәсіби стандарттары (ІАХКС), сондай-ақ ішкі аудитті жүзеге асыру бойынша ІАХКС қолдану жөніндегі нұсқаулық және ғаламдық Ішкі аудит институтының тәжірибелік нұсқаулары құрамдас элементтері болып табылатын ішкі аудиттің кәсіби практикасының Халықаралық негіздерін басшылыққа алады.

ІАҚ-нің алғашқы бес жылының қорытындылары бойынша 2013-2017 жылдар аралығында оның қызметіне тәуелсіз ішкі тексеру жүргізілді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ішкі аудит қызметінің Халықаралық кәсіби стандарттарға сәйкестігін 2018 жылы «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС сыртқы тәуелсіз бағалаушысы растады.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінде тәуекел-маңызды салаларда жүргізілген аудиттарға және консультациялық қызметтермен қоса ІАҚ қолданылатын халықаралық корпоративтік стандарттарды ескере отырып, заңнама нормаларына, ішкі тәсілдемелерге сәйкес мерзімді түрде ішкі бақылау, ақпараттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы күрес, Холдингтің тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне кешенді бағалаулар жүргізіп отырады.

risk management

Тәуекелді басқару

Тәуекелді басқару, Холдингтің барлық айтарлықтай тәуекелін анықтауға, бағалауға және мониторингілеуге, сонымен қатар тәуекел деңгейін төмендетуге байланысты шара қабылдауға бағытталған, Холдинг қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Холдинг тәуекелін басқару жүйесі үш деңгейлі иерархия тәрізді ұсынылған:

  1. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін толық жауап береді, Холдинг қызметінің мақсаттарын белгілейді және тәуекелдерді басқарумен байланысты құжаттарды бекітеді.

  2. Басқарма тәуекелдерді басқарудың тиімді процестерін құру, «тәуекелдер туралы хабардар болу» мәдениеті және тәуекелдерді басқару философиясы үшін жауап береді.

  3. Тәуекелдерді басқару департаменті нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылау, қаржылық және қаржылық емес тәуекелдер бойынша ортақ қағидалар мен әдістерді енгізуді бақылауды жүзеге асырады.

1

Комплеанс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл

1. Комплеанс-тәуекелді басқару

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ комплаенс қызметі корпоративтік басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады және комплаенс-тәуекелді – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын сақтамауы салдарынан шығындар (материалдық және беделдік) туындауының тәуекелін басқаруға жауап береді.

Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, мүдделер дауын болдырмау, Іскерлік әдебі кодексінің талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекет фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарастыру комплаенс қызметтің негізгі функциялары болып табылады.

 

2. Жемқорлыққа қарсы саясат

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қазақстан республикасы Үкіметінің негізгі қаржы агенті бола отырып, жемқорлықтың алдын алу, ескерту және анықтау бойынша бақылау функцияларын енгізу, сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да жемқорлықты оның кез-келген түрінде қатаң қабылдамау ортасын құру арқылы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Осы мақсатта «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен ішіне жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар кешені, сондай-ақ, еңбек міндеттерін орындау кезінде адалдық пен шындық қағидаларының сақталуын қамтамасыз ететін Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет саясаты қабылданған.

 

Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы ақпарат келесі сілтемелер бойынша табылуы мүмкін: http://kyzmet.gov.kz/ru және http://anticorruption.gov.kz/rus/index.php

 

3. Жедел желі және кері байланыс

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жеке және заңды тұлғалары тегі, аты және әкесінің атын (бар болса) және/немесе мекеме атауын көрсетіп, құпиялылықты қамтамасыз ететін келесі байланыс арналары арқылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ лауазымды тұлғалары мен юқызметкерлерінің Іскерлік әдебі кодексінің талаптарын бұзу және заңға қайшы әрекеттері жағдайы бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-дағы ықтимал немесе белгілі болған жағдайлар туралы хабарласа алады:

  • «жедел желі» телефондарына: +7 (7172) 95-59-88;
  • Холдингтің интернет-ресурсында үлгіні толтыру әдісі арқылы «Кері байланыс» baiterek.gov.kz/kk/bizge-surak-koyynyz;
  • мына электронды мекенжайға: compliance@baiterek.gov.kz;
  • мына пошта мекенжайына: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д.Қонаев көшесі, 8, Б блогы, Комплаенс қызметінің басшысы;

 

4. Іскерлік әдебі кодексі

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері басшылыққа алатын корпоративтік (іскерлік) әдептің негізгі құндылықтары мен қағидаларын белгілейтін ережелер жинағын қарастыратын Іскерлік әдебі кодексі қабылданды.

PDF пішініндегі Іскерлік әдебі кодексі