Холдингтің ақпараттық жүйелері

1. Басқарушылық есептілік жүйесі

 

Холдингтің басқарушылық есептілік жүйесі (әрі қарайБЕЖ) еншілес ұйымдардан (әрі қарай ЕҰ) Холдингке ақпарат беріп, сонан соң Холдингтің түрлі деңгейдегі басқарушылық шешімдер қабылдауы үшін ол ақпаратты өңдейтін жүйе. Жүйені құрудың мақсаты келесідей әрекеттер арқылы Холдинг басшылығына ақылға салынған және дәлелді шешім қабылдауға жәрдемдесу болып табылады: 

  • ЕҰ қол жеткізген жетістіктері мен тиімділік көрсеткіштерінің мониторингі;
  • ЕҰ мәліметтерін автоматты түрде шоғырландыру және шоқырландырылған қаржылық есеп пен шоғырландырылған ЕҰ бюджетін алу.

 

2. Қазыналық операцияларды басқару жүйесі

Қазыналық операцияларды басқару жүйесі қаржылық ағым, қаражаттың қозғалысы (қазыналық атқарым) және қауіп-қатерлерді басқару туралы ақпаратты өңдеу және сараптауға арналған автоматтандырылған жүйе. Жүйені құрудың мақсаты Холдингтің сараптамалық есептеулердің көрсеткіш құрамы мен формасын құру, өтімділік сараптамасы, қауіп сараптамасы үшін негізгі көрсеткіштер жиынтығын құру, қаржылық ағым қозғалысы туралы ақпаратты біріктіру әдістерін құру жұмыстарына жәрдемдесу болып табылады.
 

 

3. Digital Baiterek

Digital Baiterek – бизнеске кешендік және клиентке бағдарланған қолдау көрсетуге бағытталған Холдингтің бірыңғай цифрлық қызмет көрсету алаңы. 
Digital Baiterek
келесідей мүмкіндіктер ұсынады:

  • Холдинг клиенттері үшін қолайлы ақпараттық орта құру;
  • Қағаз құжат алмасудан бас тарту және коммуникацияларды цифрлық түрге ауыстырудың арқасында өнімділіктің жоғарылауы;
  • Пакеттік қызметтер ұсыну мүмкіндігі.

Холдинг және ЕҰ көрсететін барлық қызмет түрлері Digital Baiterek қызмет сөресі арқылы қолжетімді.    

 

4. «1С Бухгалтерия», 1С «Еңбекақы және Қызметкерлерді басқару»

Холдинг қызметкерлері ПО «1С: Кәсіпорын» платформасында жүзеге асырылған және іс жүзіндегі заңнамаға сай келетін бухгалтерлік және салықтық есептерді автоматтандыруға, сондай-ақ міндетті (регламенттелген) есеп формасын дайындауға арналған «1С Бухгалтерия 8», 1С «Еңбекақы және Қызметкерлерді басқару» жүйелерінде жұмыс істейді.

 

5. Холдингтің құжат алмасу электрондық жүйелерінің электрондық құжаттар алмасу ақпараттық жүйесі

Электронды құжаттар алмасу орталығы (ЭҚАО) жұмысының мақсаты Холдингтің Электронды құжат алмасу жүйесінің (ЭҚЖ) үздіксіз электронды құжат алмасуы болып табылады, ол өз кезегінде түрлі құжаттар, хаттар алуды күту уақытын қысқартады, цифрлық түрге ауыстырудың арқасында өнімділікті жоғарылатады.

 

6. Ұжымдық жұмыс жүйесі

Ұжымдық жұмыс жүйесі ол компания қызметкерлеріне бар құқықтар деңгейіне сай өндірістік қызметті ұйымдастыру мақсатында ішкі және сыртқы желілерден түсетін түрлі ақпараттарға қолжетімділік ұсыну:

  • тұрақты және/немесе уақытша топтар шеңберінде қызметкерлердің бірлескен жұмысы;
  • қызығушылықтар немесе міндеттер бойынша корпоративтік қоғамдастық құру;
  • мәліметтерді сақтау және оларды басқару (жинау, іздеу, жүйелендіру);
  • мәліметтерге қауіпсіз, дербес қол жеткізуді қамтамасыз ету (жұмыс орнынан, қашықтықтан және мобильді құралдардан).

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жоспарларын жүзеге асыру

2018 жылы Холдинг Басқармасымен «Бәйтерек» Ұлттық басқару ходингі» АҚ 2018-2023 жылдарға цифрландыру Стратегиясы бекітілген болатын. Бұл құжат Холдингтің цифрлық технологияларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды.   

 

Холдингті цифрлаудың негізгі мақсаттары:

  • корпоративтік басқарау деңгейін жоғарылату;
  • инвестициялық тартымдылықты және клиентке бағдарлануын жоғарылату;
  • іс жүзінде бар бизнес-процесстерді өзгерту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

 

Холдингті цифрландырудың негізгі бағыттары:

  • Холдингтің ішкі процесстерін автоматтандыру – компанияның бағалы ресурстарын қалыптасқан кертартпа операциялардан босатуға және қызметтің негізгі бағыттарына менеджментті шоғырландыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелердің арқасында Холдингтің шаруашылық қызметін ұйымдастыруға арналған әдістерді өзгерту бағыты.  
  • Клиентке бағдарланған қызметтер – онлайн құралдарды белсенді пайдаланатын қарқынды өсіп жатқан клиенттер аудиториясының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Холдинг (ЕҰ қосқанда) қызметтерін ұсыну әдістері мен арнасын өзгертетін бағыт. Сондай-ақ бағыт шеңберінде клиенттерге қызмет көрсетуге дербестендірілген және белсендірілген әдістерді әрі қарай енгізуге арналған негіз құрылатын болады.
  • Сенімді және бұзылуға тұрақты инфрақұрылым – барлық Холдинг ауқымында орталықтандырудан синергетикалық әсерге қол жеткізу мақсатында мәліметтерді беру, сақтау және өңдеудің қорғалған инфрақұрылымын құру бағыты.
  • «paper-free» қағазсыз құжат алмасуға ауысу – қағаз құжат алмасудың тек электрондық түріне ішінара немесе толық ауысу бағыты, соның арқасында Холдинг қызметкерлерінің еңбек өнімділігі жоғарылайды және шығындар қысқарады. 
  • Мәліметтерді сараптау және басқару – компанияның мәліметтермен жұмыс істеуіне қайта бағыттау бағыты, ол өз кезегінде басқарушылық және операциялық шешімдердің нәтижелілігін жоғарылатуға, шынайы уақыт режимінде тендерлердің өзгерістерін бастапқы кезеңде байқап, әрекет етуге және маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді.  
  • Цифрлық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы әдістері – қорытынды тиімділікті барынша көбейту және орын алуы мүмкін сәтсіздіктерді төмендету мақсатында дәстүрлі басқару әдістерінің қазіргі цифрлық технологияларға ауысу бағыты.

 

Аталған алты бағыттар аясында цифрлық бастамалар, яғни цифрлық қадамдар құрылған,