BW

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысы

2020 - 2025 жылдарға арналған ИИДМБ мақсаты - ішкі және сыртқы нарықтарда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін қалыптастыру.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлардың өндіріс көлемін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп салаларын технологиялық дамыту және цифрландыру сияқты бағдарламаның міндеттерін іске асыру бойынша негізгі операторлардың бірі болып табылады.

Атап айтқанда, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниялар арқылы қолдаудың барлық қайтарымды қаржылық шараларының операторы ретінде әрекет етуді жалғастырады, оның өкілеттігіне өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына жеңілдікті кредит беруді қамтамасыз ету үшін борыштар мен капиталдың сыртқы және ішкі нарықтарынан ресурстарды тарту кіреді. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржылық қолдаудың келесі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына кешенді қолдау тәсілін белсенді түрде кеңейтеді:

1) тиімсіз және талап етілмейтін қолдау шараларын алып тастау;

2) мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындарды бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы;

3) нарықтық бағаны бұрмалайтын және жеке сектордың дамуына теріс әсер ететін қолдау бағдарламаларын қаржыландырудың қысқаруы;

4) жеке меншік сектормен қаржыландырылатын, мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын жобаларға жеңілдікті қолдау.

Қаржылық қолдау шаралары аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ҮИИДМБ-ның 2020 - 2025 жылдарға арналған бағыты бойынша (өңдеуші өнеркәсіп және ілеспе қызметтер секторы) қатаң түрде экономикалық қызметтің басым түрлерін тізімдейді.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (жүктеуге)

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (жүктеуге)

Бағдарлама паспорты

Атауы

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

1. "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
4. "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығының 8-тармағы.
5. "Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығы.
6. "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 846 қаулысы.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
8. Елдің индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті кеңесінің 2019 жылғы 23 тамыздағы хаттамасы.

Әзірлеуге жауапты

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Мақсаты

Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсібінің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі

Міндеттер

1) индустриялық кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру арқылы индустрияландыруды тереңдету;
2) ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлардың өндіріс көлемін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту;
3) базалық өндірістерді дамытуды ынталандыру және стратегиялық жобаларды іске асыру арқылы өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту;
4) өңдеуші өнеркәсіп салаларын технологиялық дамыту және цифрландыру.

Іске асыру мерзімі

2020 – 2025 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2025 жылға қарай мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу*:
1) өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 2018 жылғы деңгейге қарағанда 1,6 есеге нақты өсуі;
2) өңдеуші өнеркәсіп экспорт көлемінің 2018 жылғы деңгейге қарағанда 1,9 есеге өсуі;
3) өңдеуші өнеркәсіп негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексінің 2018 жылғы деңгейге қарағанда 1,6 есеге өсуі;
4) 2018 жылғы деңгейге қарағанда экономикалық белсенді халықтың 1000 адамына шаққанда өңдеуші өнеркәсіптің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының санын 1,5 есеге ұлғайту;
5) Экономикалық күрделілік индексін (Гарвард) 78-орыннан 55-орынға дейін (-0,31 балдан 0,14 балға дейінгі деңгейге) арттыру.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны 2020 – 2025 жылдары іске асыруға республикалық бюджеттен талап етілетін жалпы шығыстар
780 797,1 млн. теңгені** құрайды, оның ішінде:
2020 жылы – 146 065,3 млн. теңге;
2021 жылы – 215 725,1 млн. теңге;
2022 жылы – 107 896,4 млн. теңге;
2023 жылы – 107 863,5 млн. теңге;
2024 жылы – 101 996,9 млн. теңге;
2025 жылы – 101 249,9 млн. теңге.

Ескертпе:

*Бағдарламаның нысаналы индикаторларын орындау тиісті қаржы жылдарына арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлеміне байланысты болады;

**сомалар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетке сәйкес нақтыланатын болады.