Қолжетімді баспана

-

Жетекші банктік қызмет

Тікелей және коммерциялық серіктестер арқылы жеткізіледі

Image
car dark

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі ипотекалық несие түрлері

2

Тұрғын үй заемы

Тұрғын үй заемын алу үшін сіз:

  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашуыңыз керек

  • Тұрғын үй шарттарын жақсартуға қажетті келісімшарт сомасын анықтауыңыз қажет (келісімшарт сомасының ең төменгі мөлшері 500 айлық есептік көрсеткішті құрайды)

  • 3 жыл ішінде келісімшарт сомасының 50%-ын жинауыңыз тиіс, қалған 50%-ын сіз банкте тұрғын үй заемы ретінде аласыз

  • Ең төменгі көрсеткіш 16-ға қол жеткізуіңіз керек.

Тұрғын үй заемы бойынша несиелендіру мөлшерлемесі: жылдық 3,5% – 5%

Заем сомасы: 100 000 000 теңгеге дейін

Несиелендіру мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін.

Аралық тұрғын үй заемы

Егер сіздің депозитіңіздегі қаражат жинақтау мерзімі 3 жылдан кем болса, бірақ қолыңызда тұрғын үй бағасының 50%-ы бар болса, онда сіз аралық заемды алуыңызға болады.

Ол үшін сіз:

- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашуыңыз қажет

- Тұрғын үй бағасының 50%-ын депозитіңізге салуыңыз керек (бөліп-бөліп немесе бірден).

Несиелендіру мөлшерлемесі: жылдық 7%-дан бастап 8,5%-ға дейін (одан әрі қарай 5%-ға дейін төмендеуі)

Заем сомасы: 90 000 000 теңгеге дейін

Несиелердіру мерзімі: 6 айдан 25 жылға дейін

3

Алдын-ала тұрғын үй заемы

Алдын-ала заем түрі мемлекеттік бағдарламалар мен банктің «Өз үйім» жеке бағдарламасы шеңберінде беріледі.

Алдын-ала заемды алу үшін сіз:

- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашуыңыз керек

- Тұрғын үй бағасының кемінде 20%-ын депозитіңізге жинауыңыз немесе салуыңыз қажет.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша заемдар:

Несиелендіру мөлшерлемесі: жылдық 5%-дан бастап

Заем сомасы: 45 000 000 теңгеге дейін

Несиелендіру мерзімі: 8 жылға дейін

«Өз үйім» бағдарламасы бойынша заемдар:

Несиелендіру мөлшерлемесі: жылдық 7% (одан әрі қарай 5%-ға дейін төмендеуі)

Заем сомасы: 45 000 000 теңгеге дейін

Несиелендіру мерзімі: 8 жылға дейін