Инвестициялық мүмкіндіктер

-

Шетелдік және жергілікті инвесторлар үшін сенімді серіктес

«Бәйтерек» Холдингі, табысы тек жағымды және ашық нарықтық ахуалға байланысты болатын, қазақстан экономикасындағы инвесторлар үшін сенімді серіктес болып табылады. Сондықтан «Бәйтерек» Холдингінің негізгі қызметі халықаралық қаржы ұйымдарымен, банктермен, инвестициялық қорлармен және халықаралық компаниялармен өзара тиімді қарым-қатынас құру болып табылады.

Image
Astana

Инвестициялар, мемлекеттің тиісті миссиясы

«Бәйтерек» Холдингі инвесторларға экономиканың басым секторларын және нақты жобаларды қаржыландыра отырып, Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы. Дамудың бірегей кіріктірілген институты бола отырып, «Бәйтерек» Холдингі Қазақстанда жұмыс істеуге дайын әлеуетті инвесторлар үшін мүмкіндіктің кең ауқымын ұсына алады. Қазақстанның өсу әлеуеті оның бай табиғи ресурстарымен, макроэкономикалық ахуалымен, инфрақұрылымымен, білім беру деңгейімен, саяси ахуалымен және еуропалық экономика көшбасшыларына жақындығымен шартталған.

Инвесторлық құжаттама

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының дивидендтік саясаты
Жүктеу
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы аудиттелмеген қысқартылған шоғырландырылған аралық қаржылық есептілігі 2018 жылғы 30 маусым
Жүктеу
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы аудиттелмеген қысқартылған жекелеген аралық қаржылық есептілігі 2018 жылғы 30 маусым
Жүктеу
2019 жылы азаматтарды қабылдау кестесі
Жүктеу
27.12.2018 аxуал бойынша Холдингтің сенімді емес жеткізушілер тізімі
Жүктеу
safe climber

Инвесторларды қорғау

Шетелдегі қазақстандық инвестиция үшін және Қазақстандағы шетелдік инвестиция үшін оңтайлы құқықтық орта Халықаралық конвенция және басқа да түрлі көпжақты және екіжақты келісімдер арқылы кепілдендіріледі. Кәсіпкерлік кодекс инвестициялық қызмет үшін тәуекелді ықшамдайтын кепілдікті қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдары ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету арқылы инвесторларға мемлекеттік қолдауды нығайтады.

dream big

Кәсіпкерлік кодексі

Үкімет Қазақстанда бизнес жүргізіп отырған инвесторларға оңтайлы жағдай қамтамасыз ететін заңнаманың негізгі бөлігін енгізді.

Кәсіпкерлік кодексі

Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономикалық даму үшін қолайлы инвестициялық ахуалды құру және жаңа мүмкіндіктерді жасау үшін инвестицияларды кеңейту, заманауи технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы өндірістік қуаттарды кеңейту және жаңғырту, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру және қоршаған ортаны қорғау.

Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды инвестициялық преференциялардан пайда алатын инвесторлар үшін «бір терезе» инвестициялау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Кəсіп кодексінде қауіпсіздікке, кепілдіктерге жəне басқа да талаптарды белгілейді.