«Бәйтерек» холдингі халықты қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз етеді

22.11.2018

1

«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасының бірыңғай операторы болып табылады. Осы орайда, компания кредиттік тұрғын үйді қаржыландырудан бастап ипотекалық қарыздардың қолжетімділігін арттыруға дейінгі тұрғын үй саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын жүзеге асырады.

Мысалы, 2017 жылдан бастап холдинг тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы ғана қаржыландыруға дейінгі нарықтық тетіктерге толықтай ауысты. Бұл әрбір екі жыл сайын «жаңартылатын» қағида бойынша қаражат аударуға және қосымша ресурстар бөлусіз жаңа құрылысқа қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өз салымшылары үшін салынған тұрғын үйдің сұранысы мен сатылымын жеңілдетілген тұрғын үй қарыздарын беру арқылы ынталандырады. Бүгінгі күні «ҚТҚЖБ» АҚ жүйесінде 562 млрд. теңге сомасындағы жинағымен 1,2 миллионнан астам шарт бар. Қазіргі уақытта банк 562 млрд. теңге деңгейінде салымшылардың жинақтарымен ұзақ мерзімді салымдар бойынша бірінші кезекте тұр, бұл елдегі екінші деңгейдегі банктердің ұзақ мерзімді салымдарының жалпы көлемінің 26%-ын құрайды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсету үшін «Бәйтерек» холдингі арнайы инфографиканы дайындады.

2